Өскелең ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажет

Бүгін Қазақстанның экологиялық қоры Ақмола облысы Талқара кентіндегі «Боровичок» лагерінің базасында «Өскелең ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында республикалық тренинг өткізді.


Қоршаған ортаның қазіргі жағдайы өскелең ұрпақта экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейтін орта білім беру жүйесінен сыныпта да, сабақтан тыс уақытта да ұйымдастырылатын әртүрлі экошаралардың мазмұны мен формасын қайта қарастыруды қажет етеді.
Экологиялық мәселелерді шешудің түрлі әдістері бар, соның бірі – экологиялық ой-өрісті дамыту, яғни егер біздің планетамыздың әрбір тұрғыны өзінің іс-әрекетін экологиялық тұрғыдан бағалай алатындай білімі болуы. Демек, оқушылардың экологиялық ой-өрісінің қалыптасуын экологиялық мәдениеттің нәтижесінде адамзаттың өмір сүруі мен болашақта дамуының қажетті шарты ретінде қарастырған жөн.
Бүгінгі тренингтің мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға, табиғаттың әртүрлі объектілеріне қатысты шешім қабылдағанда дұрыс экологиялық көзқарасты қалыптастыру, іс-әрекеттерінің нәтижесіне талдау жасау арқылы, жас ұрпаққа ой салу.
Республикалық шараға лагерь жетекшілері, жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыратын мұғалімдер, көп жылдық тәжірибесі бар әдіскерлер, Қазақстан экологиялық қорының қызметкерлері және 12-15 жас аралығындағы 160-тан астам лагерь оқушысы белсене қатысты.
Тренинг бағдарламасы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісі аясында білім беруге қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып құрастырылған. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған материалдар жеке, метапәндік деңгейлерде, оның ішінде отандық және шетелдік ғалымдар мен практик-педагогтардың мойындалған әдістері ұсынылған.

Шара барысында балалар қызықты әрі танымдық тапсырмаларды орындай келк, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған логикалық есептерді шешті, алға қойылған мәселелерге өз көзқарастарын білдіріп, өз позицияларын қорғап, қызу талқыға салды. Тренинг соңында қатысушылар әлеуметтік желідегі парақшаларында шара аясында білген жаңа ақпараттарымен бөлісіп, ақпараттың қамту аясын кеңейте түсті.
Атап өтетіні, осы тренинг барысында «Өскелең ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» атты орта буын оқушыларына арналған әдістемелік оқу құралының тұсаукесері өтті. Қазақстанның экологиялық қоры аталған әдістемелік оқу құралын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантының аясында әзірледі.
Бұл оқу құралы орта буын оқушыларында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдардан тұрады. Әдістемелік құралдың құрылымы мен мазмұны жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісі шеңберінде білім берудің заманауи талаптарын ескере отырып құрастырылған. Материалдар білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге, сондай-ақ халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға мүдделі тұлғаларға арналған. Әдістемелік оқу құралы жалпы білім беретін мектептің 12-15 жас аралығындағы оқушыларына пайдалы болады деген сенімдеміз.

Әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:
https://instagram.com/eco.fondast?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.facebook.com/profile.php?id=100080365173550

Қазақстанның экологиялық қоры өкілдерінің байланыс номерлері:
Илья Сухоносенко 8 747 917 3383
Меруерт Абдалиева 8 778 456 0999

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

"Шеврон" жаңа жобаларды белсенді түрде қолдайды

Сәр Там 3 , 2022
Оқылды: 713 Шеврон» компаниясы жастардың ғылымға және жаңа технологияларға қатысы бар жобаларын белсенді түрде қолдайды. Компанияның шынайы демеуші болуымен жүзеге асқан ауыз толтырып айтарлықтай әлеуметтік жобалар жетерлік. Оған қомақты түрде қаржы бөліп отыруды және жыл сайын оны арттыра түсуді компания дәстүрге айналдырған. Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму және […]