Ш.Мұртазаның 90ж. мерейтойына орай халықаралық ғылыми конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ашылу салтанатында Университет ректоры Жансейіт Түймебаев Шерхан Мұртазаың отандық журналистика мен Қазақ қоғамын дамытудағы рөліне тоқталды. Алқалы жиынға Нұрлан Оразалин, Дархан Мыңбай, Жанарбек Әшімжан т.б. мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ басшылары мен өкілдері, белгілі шетелдік және отандық ғалымдар қатысты. ҚР Парламенті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай оқып берді.
Конференция аясында ұлттық идеология, ақпараттық қауіпсіздік, қазір белсенді қолданысқа енген жаңа медиа трендеріне қатысты түйткілді мәселелер талқыланып, асылы мен жасығы, ағы мен қарасы таразыланды. Журналистік білім берудің бүгінгі келбеті мен ертеңгі бейнесі сөз болды. Практикалық білік пен теориялық білімді ұштастырудың, ішкі гармониясын реттеудің жолдары зерделенді.
Шара барысында Журналистика факултетінде Шерхан Мұртаза аудиториясының ашылу салтанаты, тұсаукесер рәсімі өтті. Жазушы-журналистің өмірі мен шығармашылығынан мол хабар беріп, заманауи техникамен жабдықталған оқу залы шәкірттердің шеберлігін шыңдап, жазу машығын қалыптастыруға үлкен көмегін тигізері сөзсіз. Бұл – өскелең ұрпақты тұлғалар арқылы, олардың іс-өнегесі мысалында тәрбиелеудің үлгісі.
Конференция материалдары ғылыми жинақ болып жарық көреді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Сайлауда дауыс беру үшін Halyk Homebank арқылы учаскеңізді анықтаңыз

Сей Қар 8 , 2022
Оқылды: 225 20 қарашада ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Дауыс беру үшін өзіңіздің сайлау учаскеңіздің нөмірін білуіңіз керек. Halyk Bank-тің жаңа сервисінің көмегімен 18 жасқа толған кез келген қазақстандық дауыс беруге арналған учаскенің нөмірі мен мекенжайын оңай және тез анықтай алады. Ол үшін Halyk Homebank қосымшасының пайдаланушысы болу керек. […]