Сарбаздар запасқа шықты

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлеріне қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығының 06708 әскери бөліміндегі материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының  жеке құрамы запасқа шығарылды.

Өткен жылдың көктемінде ғана әскер қатарына шақырылып, қатарға қосылған сарбаздар бір жыл бойы Отан алдындағы азаматтық борыштарын абыроймен атқарып, өздерінің туған үйлеріне қайтатын күнге де жетті. Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне – 30 жыл толу қарсаңында запасқа шығатын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге арналған салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты іс-шараны 06708 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушымайор Бірлік Чебиков ашты.Ең бірінші кезекте, саптық алаңға көп жылдық тарихы бар 06708 әскери бөлімінің Жауынгерлік Туы енгізілді.

«Сіздер өткен жылы қатарға қосылып, біздің әскери ортада өздеріңіздің Отан алдындағы азаматтық борыштарыңызды адал атқардыңыздар. Алдағы өмірде де дұрыс таңдау жасай алатындарыңызға сенімім мол! Баршаңызға табыс тілеймін, жолдарыңыз болсын!» – депПриозерск гарнизонының бастығы подполковник Жасұлан Әбеков шын ризашылығын жеткізді.

 Бөлімнің жеке құрамының алдында сап түзеген запасқа шығатын әскери қызметшілер салтанатты түрде бөлімнің Жауынгерлік Туымен қоштасу рәсімін бір кісідей атқарып, жеке құрам алдында асқан ұйымшылдық танытты.

Мінбеге жиналған құттықтаушылардың арасынан материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальоныныңкомандирі подполковник Марат Салимов пен запасқа шығатын сарбаздар атынан қатардағы жауынгер Сұлтанбек Молдаш құттықтау тілектерін білдірді.

Іс-шара соңында запасқа шығатын әскери қызметшілерге зор құрмет көрсетіліп, олардың әрқайсысына фотоальбом мен естелік фото және әскери өмірден есте қаларлық бейнежазбасы бар дискілер табыс етілді.

Думан Құрманғалиев 

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ыстамбұлдағы көрнекті тарихи орындар

Сәр Қар 16 , 2022
Оқылды: 400 Қарашаның басы  Түркияның Ыстамбұл қаласына сапарлап қайтқанмын. Сіздерге » «міндетті көру керек» Ыстамбұлдың көрікті жерлерін ұсынамын. Айя София мешіті Ыстамбұлдың Сұлтан Ахмет ауданында орналасқан 2020 жылы мешіт атауын қайта алған  Айя София мешіті  терең тарихқа ие.  Бұл орын  сонау Византия империясының кезінде салынған.  Алғашында шіркеу, музей   қызметін […]