Сарбаздар отбасымен видеобайланысқа шығады

ҚР Қарулы Күштері әскери полиция бас басқармасымен, әскери полиция органдарында «Өмірді сақта» құқық бұзушылықтарды алдын алу, ведомстваралық бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде бірыңғай іс-шаралар жоспарлар талабын орындау мақсатында, Қарағанды өңірлік Әскери полиция басқармасының жедел-ден қою бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлері апта сайын, басшылық құрамның белгілеген уақыты бойынша ата-аналарымен байланысқа шығып, жақын туыстарын қуантады.

Сарбаздар ата-аналарымен, ет жақын туыстарымен байланыса отырып, әскерге жіберген баласының жетістіктеріне көз жеткізе алады. Бауыр еті баласының отан алдындағы абыройлы міндетін атқарып жатқанына күдікшіл болған ана көңіл алаңдамай қоймайды. Сап түзеген сарбаз да, бір әке-шешенің көз қарашығы. Деседе, баласының үйренгені мен өзгергенің көріп, қуанып қалғандарын жасырмайды. Қалай десек те, ең мықты мектеп – армия.Осында қалыптасқан барлық жақсықасиеттер өмір бойына серік болады.Қоғамның армияға деген сенімін арттыру, әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын қолдаудағы пәрменді қадам бейнесервис «Отбасымен бейнеқоңырау» жобасы. Жаңашылдықтың арқасында әрбір әскери қызметші жұмыс күндері туыстарымен және жақындарымен байланыса алады.Айта кетейік, аталмыш жоба қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасы бойынша әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар ата-аналарын көріп, тілдесуі үшін іске қосылған. Бұл іс-шара мұнымен тоқтап қалмай, алдағы таңда әліде өз жалғасын табатын болады.

« –ҚР Қарулы Күштері басшылық тарапынан әскери қызметшілерге оның ішінде бізге яғни сарбаздарға барлық жағдайлар жасалуда. Соның бірі ата-анамызбен сөйлесу. Бұл туыстарымыз бен біздер үшін үлкен қуаныш. Ұялы телефон арқылы дауыстарын естіген бір басқа, бүгінде осы бейне сөйлесу арқылы балаларының киімі бүтін, дені сау екендігіне көре алады. Қарулы күштердің сарбаздары, елімізді қорғауға әрдайым дайынбыз. Бізге жағдай жасап жатқан еліміз бен қарулы күштер басшылығына, ата-анамызға алғысымыз шексіз» – деп атап өтті, өз сөзінде Қарағанды өңірлік Әскери полиция басқармасының жедел-ден қою бөлімінің қатардағы жауынгері Нұрсұлтан Каленов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Құрылыстың қоқыс үйінділерін болдырмау және қайта өңдеу жөнінде байқау ұйымдастырылды

Жұм Мам 26 , 2023
Оқылды: 378 Құрылыстың қоқыс үйінділеріне қарсы күрес және қайта өңдеу бойынша ең үздік идеяға арналған жастар арасындағы республикалық конкурстың қорытындысы шығарылды. 2023 жылғы 25 мамырда Астана қаласында құрылыстың қоқыс үйінділеріне қарсы күрес және қайта өңдеу бойынша ең үздік идеяға арналған жастар арасындағы республикалық конкурстың жеңімпаздары марапатталды. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне […]