ҚР БҒМ Ғылым комитетінде кадрлық өзгерістер

ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болып Болат Нұрланұлы Кеңесов тағайындалды. Осыған дейін ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Физика-химиялық талдау және зерттеу орталығының директоры қазметін атқарды. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің Facebook парақшасында жазды.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Комитет төрағасының жаңа орынбасары – Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Болат Нұрланұлы 2007 ж. кандидаттық диссертациясын қорғады,оған 2012 ж. қауымдастырылған профессор (доцент), ал 2017 ж. профессор ғылыми атағы берілді. Wageningen University (Нидерланд), Iowa State University (АҚШ), University of Barcelona (Испания) және Gdansk University of Technology (Польша) сынды шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өткен.

Болат Кеңесов –100-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, соның ішінде беделді халықаралық ғылыми журналдарда 26 мақаласы жарық көрген. Олардың 13-і бірінші квартиль қатарындағы беделді басылымдарда жарияланған. Хирш индексі бойынша көрсеткіштері – 11 (Web of Science) және 13 (Scopus).

Болат Нұрланұлының жетекшілігімен 1 кандидаттық және 5 Ph.D диссертациялары қорғалды. Ол –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2014 ж.),ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) белді мүшесі.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

БӘДІК ЖЫРЫ

Сен Сәу 25 , 2020
Оқылды: 1  056 Бәдік айту дәстүрі жайында Әбубәкір Диваев, Сәкен Сейфуллин т.б. зерттеп жазған. Бәдік өлеңін айту себебі адамда немесе малда ауру кездессе, оны өлеңмен аластап қуып шығу, өзге жерге көшіру мақсаты көзделген. Ерте кезде адамда қауіпті ауру кездессе, «малға көш, алыс жерге көш, түрлі заттарға көш»,- деп аластамақ болған. Ал […]