Отанға деген сүйіспеншілік – ұрпақ санасында

Қарағанды облысы білім басқармасына қарасты «Сарышаған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылғы қыркүйек айында ел бірлігін, тарихи жады мен отансүйгіштік қасиетті дәріптеуге бағытталған «Біртұтас ел – біртұтас жер!» тақырыбында ерлік сабағы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараға мектептің 6 және 7-сынып оқушылары белсене қатысты. Сабақты мектеп директоры Сембекова Бақыт Темірқызы салтанатты түрде ашып, тәуелсіз еліміздің бүгінгі жетістігі мен бейбіт өмірдің құндылығы жайында айтып өтті. Ерлік сабағын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раиса Джартыбаева жүргізіп, жас буынға бұл тәрбиелік шараның негізгі мақсаты – Отанды сүю, ел тарихын білу және бейбіт елдің қадірін түсіну екенін түсіндірді. Аталған іс-шараның мәртебесін арттыра түскен арнайы шақырылған қонақтар – Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Кенжебеков пен мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Досжан Ахметов болды.

Олар өз сөздерінде Қазақстанның жан-жақты құрылымына, татулығына тоқталып, кең байтақ жеріміздің әрбір тасын қорғаған батыр бабаларымыздың ерен ерліктері туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Сонымен қатар оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қонақтарға қойып, нақты әрі мазмұнды жауап ала білді. Бұл – жастардың ел тарихына деген қызығушылығы мен саналы көзқарасының қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Іс-шара соңында қатысушылар патриоттық ән шырқап, Отан алдындағы азаматтық борыш пен жауапкершілік туралы ой бөлісті. Бұл тәрізді тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойына елжандылық қасиетін сіңіріп, Қазақстанның кемел келешегі үшін жауапты тұлға болып қалыптасуына негіз болары сөзсіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағанды облысында күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр

Бей Қыр 25 , 2025
Оқылды: 79 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Бүгінде 100-ден астам жас жігіт ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында мерзімді әскери қызметке аттанды. Алдағы айларда олар Қорғаныс министрлігіне, Мемлекеттік күзет қызметіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Ұлттық ұланға да жіберіледі. Әскерге шақырылушыларға шақыру қағазы мен SMS-хабарламалар […]