Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланды

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі дауылды ескерту жариялады.  Карағанды облысында 23-24 қаңтарда жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ (көбінесе облыстың солтүстігінде және батысында), тұман (көбінесе облыстың шығысында ) болуы мүмкін. 23 қаңтарда оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші түнде  15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-дейін жетеді. 23 қаңтарда күндіз тәулік бойы және 24 қаңтарда 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с-дейін жетеді. Күшті жел (көбінесе солтүстігінде және батысында облысы) күтіледі.

Келесі мақала

Терісқақпай. БӨРІСЫРҒАҚ

Сәр Қаң 22 , 2020
Оқылды: 1  261 «АДЫРНАДАН» (сайт) Есен Рамазан деген азаматтың «Бөрісырғағын…» оқып шықтым. Ең біріншіден, бұл жазбадан қасқырдың иісі шықпайды. Қасқырға қатысты ештеңе оқи алмадым. Екіншіден, қасқыр болып ұлып тұрған боран табиғатын да көре алмадым. *** Ең алдымен, əуектің өз заңы бар. Ол заң бойынша олар ешқашанда бір-біріне қастық қылмайды. Екіншіден, əуектегі […]