Қоқысты өңдеу мәселелері талқыланады

Нұр-Сұлтанда ЕАЭО-ға қатысушы елдер ТДМ іске асырудағы тәжірибелерді талқылайды.

2021 жылдың 17-18 қарашасында Stop Musor әлеуметтік жобасы шеңберінде «Экономика қызметіндегі тұрақты даму мақсаттары» атты халықаралық конференция өтеді.

      Ұйымдастырушы: Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы

         Форматы: онлайн / офлайн.

         Конференцияның мақсаты: ТДМ іске асыру саласында тәжірибе алмасу және олардың елдер экономикасына әсерін белгілеу арқылы халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін шоғырландыру. ТДМ-ға қол жеткізу үшін азаматтық қоғамның белсенді қатысуымен бизнесті ынталандыру құралдарын әзірлеу және тұрақты әрекеттестік үшін тиімді механизмдерді талқылау.

Конференцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің, мемлекеттік органдардың, бизнестің, ЕЭА қатысушы елдердің азаматтық қоғамының өкілдері қатысады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар тұрақты дамудың 17 мақсатының 3-ін анықтайды: №3 ТДМ «Саламатты өмір салтын қамтамасыз ету»; №4 ТДМ «Сапалы білім беру»; № 12 ТДМ «Жауапты тұтыну және өндіріс».

Бағдарламаға сәйкес, екінші күні барлық қатысушылар, белсенділер мен еріктілер үшін келесі тақырыптар бойынша тәжірибелі жаттықтырушыларды тарта отырып, бірқатар онлайн-тренингтер өткізіледі: «Үй жағдайында қалдықтарды бөлек жинау принциптерін енгізу»; «Әлеуметтік желілер үшін бейнеконтент жасау бойынша шеберлік сабағы – вирустық бейнероликтің құпиялары»; «Нетворкингке арналған шеберлік сабағы» және «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту. Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары».

Stop Musor жобасы халықтың экологиялық сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапты кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.

Жоба аясында арнайы www.stopmusor.kz сайты әзірленіп іске қосылды. Сондай-ақ, сіз жобаның https://instagram.com /stopmusorkz және https://www.facebook.com /stopmusorkz/ әлеуметтік желілердегі парақшасына жазыла аласыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Журналистика курсы ұйымдастырылады

Жұм Қар 19 , 2021
Оқылды: 1  050 FAKE NEWS. FACT-CHECKING. INFORMATION MANIPULATION Түркітілдес журналистер қоры Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясының қолдауымен «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбына онлайн Журналистика курсын ұйымдастырады. Екі айға созылатын Курс барысында БАҚ өкілдері жалған ақпаратпен күрес, деректерді тексеру, шынайы ақпарат пен ақпараттық манипуляцияны ажырата білуді меңгереді. Вебинарлар сериясында отандық […]