Әннің де естісі бар, есері бар

АМАНХАН ӘЛІМ

Ақын. «Ақиқат» журналының бас редакторы. 

«Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы.

РОК-МУЗЫКА, ШОУ БИЗНЕС, ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ ТУРАЛЫ (ойтоғыс) 

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Жалпы рок-музыка, шоу-бизнес – ешқандай заңмен қудаланбайтын, ешкім тыйым салмайтын «есірткінің» бір түрі. Мұндай рок және поп музыка алдымен адамның физиологиялық (адам ағзасы), эмоциялық (көңіл-күй), интеллектуалдық (ақыл-ес, психология, сана-сезім) және рухани адами-моральдық болмысына әсер етеді. Әсіресе, олар әлі де болса өмірлік ұстанымы мен көзқарастары қалыптаспаған жастарға ерекше ықпалын тигізеді. Оларды «музыкалық есірткі» деп атауының өзінде идеологиялық және медициналық мән бар. Құлақ тұндырар у-шу жас адам бойындағы сезімталдықты өлтіріп, рухани керең етеді де, жүйке ауруына ұшыратады.
***
Сөйтіп, рок-мәдениет атауымен өмірге талғам-таразына салынбай, жас сана-сезімге кері әсерін тигізетін өнер келді. Соның басты көрсеткішінің негізі – дыбыс жазу және дыбыс шығарушы құралдар. Сосын, дыбыс күшейткіш жан-жақты жетілген техника. Оның арты бүгінде шоу-бизнеске айналды. Яғни, ол адам сана-сезімінің тазалығына кері әсер ететін «рухани индустрия» қалыптастырды. Сөйтіп, өркениет басталған тұстан «мәдениет шегінедіге» саятын қағида іске асып, классикалық музыканың басына қатер төнді. ***
Бүгінде саз әлемінде кім, сосын не көп деген сауал алдымызға жиі-жиі тартыла береді. Әрине, «эстрада жұлдызы» атанған әнші мен поп-ұжымдар көп. Оларды дайындап сахнаға, сондай-ақ, телерадиоарналарға шығару оңайға айналды. Тек қалта толы қаржың мен байланысың болсын. Мұндай жағдайда сөзсіз талант екінші кезекке шегеріледі. Бұл – өнерге жолдан қосылған дилетанттарға жасыл көше ашылды деген сөз. ***
Дыбыс жазу және дыбыс шығару, сосын, дыбыс күшейткіш, одан да жақсысы компьютер арқылы кез келген дауысты реттеп, кез келген әншісымақты «эстрада жұлдызына» айналдыруға болады. Бұл – қазіргі тілмен айтқанда, компьютерден дауысты «сорып» алу. Сөйтіп, өзіңді-өзің жасанды әнші санатына қосу. Сосын, фонограммаға құлақ тігіп, соның «жетегінде» жүре бер. Бірақ, ол «жетектегі тазы аң алмайтынның» кері ғана болып қалады деп жүрген ешбір продюсер жоқ. Қазіргі телерадио арналарынан беріліп жүрген «Фабрика звезд», «Народный артист» хабарлары – соның айғағы. Шоу-бизнестің қатерлілігі де сонда. Ол талап –талғам

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағанды облысы әкімінің үндеуі

Сен Нау 28 , 2020
Оқылды: 1  169 Видео «Азаттық рухы» сайтынан жүктелді.  http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды облыстық баспасөз қызметі хабарлайды. Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! 10 күн бойы біздің еліміз төтенше жағдай режимінде өмір сүріп жатыр. Мемлекет басшысының шешімі азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық ресурстарды дер кезінде жұмылдыруға мүмкіндік […]