Мемлекеттік рәміздер-мемлекет құндылығы

 

Мереке бүгін біздің елімізде,
Даңқы да асқақтаған жерімізде.
Рәміздердің күнін біз тойлаудамыз,
Елтаңба, әнұран, ту көгімізде.

Олардың тарихы бар елге мәлім,
Біледі оны үлкенің, жасың, кәрің.
Мағынасы терең бұл рәміздердің,
Олай болса айтайын тудың мәнін.

Көк аспанда күніміз жарқырайды,
Астында оның қыран құс қанат жайды.
Туымыздың шетінде ойуы бар,
Сұлу, әсем, келіскен және сайлы.

Елтаңба бар шаңырақтан бастау алған,
Үстіне бес бұрышты жұлдыз салған,
Жандарбек пен Шот-Аман ағаларым,
Еркіндігін қазақтың ғажап салған.

Елімізді сипаттаған – әнұраным,
Жерімізді сипаттаған – әнұраным.
Қолымды жүрегіме қойып айтам(ын),
Намысты шыңдай түскен – әнұраным!

Гүлнұр Жасұланқызы Мұхтарова

Академик Е.А.Бөкетов атындағы

ҚарУ-нің филология факультетінің

2-курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Halyk Homebank қосымшасында Ashyq сервисі қосылды

Сәр Мау 9 , 2021
Оқылды: 1  111 Қоғамдық орындарға кіру үшін енді Ashyq сервисі бар Halyk Homebank қосымшасын пайдалануға болады. Жоба Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске асырылды.  Яғни, банктің клиенті Halyk Homebank қосымшасындағы Ashyq сервисін қолдана ма, әлде жоқ па өз еркінде. Қазіргі уақытта функционал Android пайдаланушылары үшін қолжетімді, iOS пайдаланушылары үшін – жақын арада […]