«Астана» өңірлік қолбасшылығы мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшылығымен мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерінің жеке құрамымен өткізілген оқу-әдістемелік жиын аяқталды. Үш күнге созылған жиын барысында қатысушылар мазмұнды бағдарламадан өтті: бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін қолдаудың жаңа тәсілдеріне арналған дәрістер тыңдап, оқу-жауынгерлік графикалық құжаттарды әзірлеу және пысықтау бойынша практикалық сабақтарға қатысты.

Жиынның негізгі мақсаттары – 2025 жылғы қызмет нәтижелерін қорытындылау, нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерді талқылап түсіндіру, сондай-ақ жеке құрамның теориялық дайындық деңгейі мен практикалық дағдыларын жетілдіру болды. Сонымен қатар штаттан тыс және дағдарыстық жағдайларда туындауы мүмкін кейстерді пысықтауға айрықша көңіл бөлінді. Жиын соңында барлық қатысушыларға іс жүргізу, жауынгерлік даярлық бойынша іс-қимылдар, графикалық құжаттармен және жұмыс карталарымен жұмыс істеуге арналған практикалық тапсырмалар берілді. Практикалық тапсырмалар нәтижелері қатысушылардың басым бөлігінің жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы білімдері мен дағдыларын растай түсті.
– Мемлекеттік құпияларды қорғау – елдің ұлттық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін аса маңызды бағыт. Құпия ақпараттың таралуы қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіріп, экономикалық шығын келтіруі немесе дипломатиялық мүдделерге қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан сенімді қорғау жүйесі – егемен мемлекетіміздің сыртқы араласуларға жол бермеуінің және стратегиялық артықшылықтарын сақтаудың кепілі. Құпиялылық режимін сақтау – әрбір қызметкердің қастерлі міндеті, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің аға офицері, майор – Хван Леонид Федорович.


