Мемлекет боламын десең, тіліңді түзе

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік кеңесінің отырысы онлайн форматта ұйымдастырылды.
Жиын облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің төрағалығымен өтті.
Өңірде 1300-дей үкіметтік емес ұйымдардың барын жылда естиміз. Өкінішке қарай, олардың ат төбеліндейі ғана 30-ға жетер жетпесі белсенді, басқалары үнсіз, кейбірі тыныш қана мемлекеттік тапсырыстарды нем кетті атқарып жүріп жатқандар.
Ал, қоғамдық бірлестік деген атқа сай қоғамдық миссия қайда?
Қоғамға мемлекеттік саясатты оңтайлы насихаттушы, біріктіруші осы ҮЕҰ-дар емес пе?
Неге ақсап тұрмыз? Белсенді ҮЕҰ барлығы дерлік облыс орталығында. Әрине, өйткені көбі кезінде азаматтық қоғамды дамытудың басында ақпарат орысша жетіліп орыс тіліндегілер тіркеліп алып, орыс тілінде қызмет атқарып кетті.
Неге қалалар, әсіресе аудандарда ортаның мәселесін көтеретін ҮЕҰ-дар жоқтың қасы, тіркелмейді?
Неге өңірде мемлекеттік тілде, ұлттық құндылыққа негізделген ҮЕҰ аз?
Өйткені осы кеңес және қоғамдық ұйымдардың жұмысын үйлестіруді еншілеген Азаматтық альянс ортасының тілі орысша, шалғайға шығып үйретуге, көрсетуге құлықты емес! Азаматтық альянс жылда өтетін ҮЕҰ-дар конференцияларында қоғамдық ұйымдарға, мемтапсырыс, грант, салық т.т. заңнамаларына өзгертулерді жинағанмен мәжілістің отырыстарында депутаттардың көзін жетікізіп, қоғамның талабын жеткізе алмайды.
Бүгінгі күні ҮЕҰ-дар жұмысын Азаматтық альянспен ұштастырудың уақыты өткені айқын.
Отырысқа қатысушылардың басым бөлігі мемлекеттік тілді білсе де, дайындалған құжаттардың неге орыс тілінде ғана және баяндамашылардың баяндамасы да сол тілде болғаны түсініксіз…
Қазақстан Республикасының қоғамдық ортамен жұмыс атқаратын ішкі саясаты мемлекеттік тілде болуы керек!
Министрліктен қосылған Шыңғыс Лепсібаев қазақша ләм-мим демей, тек лақап деректермен шектелді.
Кеңестің келесі отырысы 12 – мамыр деп топшыладық.
Алдағы отырыста жүректері «Отаным» деп соғатын жаңа ҮЕҰ-дар өкілдерін көріп, мемлекеттік тілде пікірлесеміз деген үміттеміз!
Мықты, жігерлі қоғамдық ұйымдар билік пен халық арасындағы алтын көпір!
Көпір әлсіз болса шайқалып, екі жақ бір-біріне жете алмай түсіністік алшақтайды! Облыс әкімінің орынбасары отырысты дайындауына, өтуіне көңілінің толмағанын айтты. Рахмет!
Бұл көбіміздің ойымыз.
Негізі бұл кеңестің ашық өткен бірінші отырысы, бұрын бары-жоғы белгісіз-ді. Мүмкін дүмбілездік содан болар. 
Майра ӘБДІРАХМАНОВА
Қарағанды облысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы.
Қарағанды облысы «Парасат» тәлімгерлер қауымдастығының төрайымы.
Қоғам белсендісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ЕҢ ДІЛГІР ДҮНИЕ - ОЛ ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ.

Сәр Сәу 29 , 2020
Оқылды: 1  378 Тыңдар құлақ болса…                                 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Біз жаспыз, ағаларымыз айтар дедік… Енді, міне, біз аға жастан асып барамыз… Жастардың бізге қарайлайтынын сеземін. Көріп те жүрмін. Әрбіріміз «Ел үшін», […]