Мектептегі «Цифрлық ұстаз» жобасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылғы халыққа Жолдауында жалпыға білім беру аясында мұқтаж отбасылардан шыққан балаларды қолдаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Сондай-ақ бұл бастама «Цифрлық ұстаз» жобасы аясында іске асырылуы қажет екенін айтқан еді.

Цифрлық ұстаз – бұл ақпараттық технологиялар мен цифрлық құралдарды тиімді пайдаланып, білім беру процесін жүзеге асыратын педагог. Цифрлық ұстаз – тек қана білім беруші емес, сонымен бірге оқушыларды сандық әлемде бағдарлау, цифрлық дағдыларды дамытуға көмектесетін маман. Мұндай ұстаздар әртүрлі цифрлық платформалар мен онлайн ресурстарды пайдаланып, оқу материалдарын, тапсырмаларды, тесттер мен практикалық жаттығуларды ұсынады.

«Цифрлық ұстаз» жобасының мақсаты: Аз қамтылған отбасынан шыққан үлгерімі төмен оқушылардың білімін көтеріп, негізгі пәндерді тереңдетіп оқыту.

Былтырғы оқу жылында бұл жобаға біздің мектеп енгізілген болатын, биыл да жалғасын тауып жатыр. Ол білімдегі олқылықтарды толтыруға және оқу нәтижелерін жақсартуға көмектеседі. Мен 9 «В» сынып оқушысы Марал Бейбарыспен алгебра, геометрия яғни оқушының өзінің таңдаған пәндері бойынша аптасына 2 сағаттан, барлығы 4 сағат онлайн сабақ өткіздім. Мен сабағымда түрлі ақпарат көздерінен материалдарды жинақтап, Бейбарысқа жаңа білім мен дағдыларды үйретуде интернет-ресурстарын  Zoom, Bilimland.kz және Bilimal.kz жүйесіндегі Цифрлық білім беру ресурстарын пайдаландым. Bilimland платформасындағы бейнесабақтарды көру арқылы алгебра мен геометриядан күрделі тақырыптарды меңгерді, сол тақырыптарға берілген тапсырмаларды орындап, дайын тесттерге жауап беру арқылы білімін қорытындылап отырды. Сауалнамалар және кері байланыс арқылы білім деңгейін анықтап, қателескен тұстарын түзетіп, пысықтап отырдым. «Цифрлық ұстаз» жобасы туралы Бейбарыстың пікірінше, оқушылардың арасында қысылып қоя алмаған сұрақтарын ашық қоя алатынын, мұғаліммен тікелей қарым-қатынас болатынын, денсаулығына байланысты сабақты босатып алғанда өткен тақырыпты меңгеруге көмектесетінін және білім сапасының артатынын айтқан. Бұл жобаға көңіл бөліп, оқушыларды қатысуға шақырған. Бұл жобада оқушы білім ала отырып, озық технологияларды қолдануды үйренеді.

Жаппарова Фарида Тухметоллановна
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті,
«Ю. Гагарин атындағы мектеп-лицейі» КММ  математика пәні мұғалімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Табиғи және техногендік жағдайлар бойынша білімді арттыру жобасы

Дүй Қар 17 , 2025
Оқылды: 70 «SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және дамыту, сонымен қатар білім алушыларды қоғамдық, ерікті қызметке тарту, олардың қоғамдағы жауапкершілік сезімін арттыру және әлеуметтік қатысуын ынталандыру көзделген. «SAQ-2024» жобасы оқытудың инновациялық компоненттерін енгізумен […]