Мектеп түлектеріне аттестат қалай тапсырылады

11-СЫНЫП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ 3-4 МАУСЫМДА ТАПСЫРЫЛАДЫ

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

«Жыл сайын бұл іс-шара маусым айының ортасында өткізілетін. Бірақ мектеп бітірушілер үшін қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейтінін және ҰБТ-ға қашықтан дайындалу қажеттілігін ескере отырып, бұл іс-шараны маусым айының басынды өткізу туралы шешім қабылдадық. Іс-шара аясында салтанатты түрде аттестаттар тапсырылып, 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады», – деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық ауада, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыруда әдеттегі мектеп формасында болу ұсынылады.

Сондай-ақ, салтанатты бөлімнен кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр. Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай ұйымдастырылған.

 ҚР БҒМ баспасөз қызметі 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Құпиясы ашылмаған мекендер

Дүй Мам 11 , 2020
Оқылды: 1  747 Танымдық қызықты ақпарат http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Құдайдың құдіретіне шек келтіру мүмкін емес. Себебі айналамыздан, табиғаттан адам қолынан келмейтін, таңғажайып дүниелерді көп кездестіреміз. Жер бетінде құпиясы ашылмаған, тылсым оқиғалар мен беймәлім құбылыстары көп мекендер бар. Бұл мақаламда адам көрсе таң қалмай өтпейтін, құпиясы мол мекендер […]