Медициналық анықтамаларды кейін тапсыруға болады

Білімгерлер медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім беру ұйымдарына қабылдану үшін тиісті құжаттарды тапсыру барысында анықтамаларды  уақытша ұсынбауға мүмкіндік беріледі.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты Білім және ғылым министрі білім беру ұйымдарына (балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен жоо-ларға) құжаттарды медициналық анықтамаларсыз қабылдауға уақытша рұқсат беру туралы бұйрыққа қол қойды.

Egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы құжаттарды жіберу барысында медициналық анықтамаларды өзіне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмайтын азаматтар үшін аталған анықтамаларды кейін ұсынуға мүмкіндік беретін функция іске қосылады. Қазіргі уақытта білім алушылар медициналық тексеруден өткені туралы анықтамаларсыз шартты түрде білім беру ұйымдарына қабылданады.

Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Тазалық-денсаулық кепілі

Сәр Шіл 8 , 2020
Оқылды: 1  328 Қазақстанның екі қаласының тұрғындары қоқыстың жай-күйін қаншалықты бағалайды? 8 шілде күні  ZOOM алаңында Нұр Сұлтан және Алматы қалаларының қоқысты қабылдауы туралы әлеуметтік зерттеу нәтижелерінің қорытындылары талқыланды.  Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы «StopMusor» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары тұрғындарының арасында  өз […]