«Мас жүргізуші қылмыскер»

2023 жылы наурыз айында Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы әскери автомобиль полиция бөлімінің бастамасымен гарнизон шеңберінде «Мас жүргізуші – қылмыскер» айлығы ұйымдастырылды. Аталмыш айлық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне және әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны мен олардың салдарының ауырлығын азайту мақсатында қолға алынған.

Іс-шара барысында гарнизонның барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу максатында белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру, қарсы қозғалыс жолына шығу мен озу ережесін бұзу, алкогольді мас күйде көлік кұралын басқару, жаяу адамдармен белгіленбеген жерде жолды кесіп өту, яғни жол- көлік оқиғаларына себеп болып табылатын заң бұзушылықтар бойынша сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, 2023 жылдың 29 наурызында Қарағанды қаласы Әскери лазаретінің мәжіліс залында Қараганды гарнизоны әскери қызметшілерімен Қарағанды қаласының наркологиялық диспансерінің нарколог-дәрігерінің қатысуымен алкогольді пайдаланудың зардаптары және мас күйде көлікті басқарудың әсерлері тақырыбында алдын алу сұқбаты өткізілді. Іс-шараға Қарағанды өнірлік гарнизоны, Әскери полиция басқармасының әскери автомобиль полиция бөлімінің бастығы, майор Дүйсен Шайкенов, әскери полиция бөлімінің офицері Мақсат Рысқұлов, сондай ақ алдын-алу бөлімінің офицері, 3-сыныпты сержант Бауыржан Сауырбаев қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Incentive Travel Excellence қоғамы (SITE) 2024 жылғы жаһандық конференциясын Стамбулда өткізеді

Бей Нау 30 , 2023
Оқылды: 313 Incentive Travel Excellence қоғамы (SITE) өзінің 2024 жылғы жаһандық конференциясын 2024 жылдың 26-29 ақпаны аралығында Cтамбұлда өткізеді. Түркияда ынталандырушы туризмді дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізетін SITE Türkiye ұйымдастырған конференция әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға Түркияны тану мүмкіндігін ұсынады. 2024 жылдың ақпан айында Cтамбұлда Жаһандық конференция өтеді, бұл Қоғамның 50 […]