Әлемде 2022 жылғы үздік университеттер анықталды

Әлемнің үздік білім беру мекемелері веб-сайттарының халықаралық рейтингі – Webometrics Ranking of World Universities-2022 жарияланды.

Бұл рейтинг университет сайтының және оның зерттеуші ғалымдарының Scopus және Google Scholar ғылыми метрикалық жүйелеріндегі жарияланымдарының қажеттілігін ескеретін біріктірілген көрсеткішке негізделген және әр жарты жыл сайын құрастырылады.
2022 жылы рейтингке Қазақстан Республикасының 132 ЖОО қатысты.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 9-орынды иеленіп, еліміздің ТОП-10 жоғары оқу орнының қатарына енді. Өйткені, осы көшбасшы топ құрамында Nazarbayev University сияқты жоғары оқу орындары, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті сияқты жетекші ұлттық университеттер бар.

Халықаралық рейтингтерге қатысу ЖОО-ны әлемдік ғылыми кеңістікте орнықтыруға, халықаралық білім беру ортасына кіруге, білім беру және ғылыми-зерттеу процестерін халықаралық қағидалармен және стандарттармен келістіруге, білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға, серпінді өркендеуге ынталандыру мен жаңа мүмкіндіктер тудыруға жол береді.

Осы маңызды жетістікпен университет оқытушыларының, қызметкерлерінің, студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының сан мыңдаған ұжымын құттықтаймыз!
Баршаңызға ғылымда, білім беруде және Қазақстандық индустрияны дамытуда, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жоғары белгісіне лайықты жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жаңа оқу жылының басталуымен!

Бей Қыр 1 , 2022
Оқылды: 620 Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті білім күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері, В. Б. Басин, «Қарағанды машина жасау консорциумы» ЖШС директоры, т. ғ. д., профессор, Б. М. Кенжин, Қарағанды облысының Құрметті азаматы, көмір өнеркәсібінің […]