Көшпенділер ойындарына Астанада дайындық жүргізіліп жатыр

Бір айдан соң Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады. Еліміз алғаш рет Орталық Азияның көшпеліх алықтарының ойындарына негізделген халықаралық спорттық жарыстарды өткізу эстафетасын қабылдайды.

5-ші ойынның басс еріктесі еліміздің ең ірі банкі Halyk Bank болды. Ынтымақтастық туралы келісімге биыл маусым айында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Halyk Bank төрайымы Үміт Шаяхметова қол қойған болатын.

Айта кетейік, көшпенділердің алғашқы дүниежүзілік ойындары 2014 жылы Ыстықкөл жағалауында өткен еді. Жарысқа 19 елдің спортшысы қатысқан болатын. Ал былтырғы ойындар Түркияның Изник қаласында өтіп, 80-нен аса ел қатысқан еді. Енді биыл Астанаға 89 елден 2000-нан аса қатысушы келеді. Болжам бойынша 8-13 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасына 100 мыңнан аса адам келеді. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастырушылар көрермендер үшін алты жерде өтетін 21 спорт түрінен жарыстар ғана емес, сонымен қатар ғылыми-танымдық және мәдени бағдарламалар дайындайды.

 

Мәселен, Қазақстанның Ұлттық музейінде «Көшпенділер: тарих, білім, сабақтары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Онда келушілер ұлттық спорт түрлерін дамытудың қазіргі жағдайымен танысып, түркі халықтарының дәстүрлері мен мұралары туралы біле алады.

Сондай-ақ, «Қазанат» ипподромы маңында 10 гектар аумақта «Көшпенділер әлемі» этноауылы орналасады. Онда күн сайын мәдени іс-шаралар өтеді: еліміздің үздік шебер-қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сыныптары, айтыс, аң аулау бойынша жарыстар және ұлттық күрес түрлері бойынша көрсетілімдер болады.

Бұдан бөлек, этноауылда Қазақстанның 17 облысы менреспубликалық маңызы бар үш қаланың өкілдерін қамтитын «Бірлік Керуені» өтеді. Бұл шеруге Halyk Bank филиалдарының басшылары да ады.

Фото: Мейірбек Тажкуранов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Мемлекеттік басқару академиясына 30 жыл

Жұм Там 16 , 2024
Оқылды: 336 Академия түлектері мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілетті адами капиталына айналуы қажет. Академия түлектері болашаққа бағытталған мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілетті адами капиталына айналуы қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы  Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл өңірлік түлектер форумында айтты. Алматыда Академияның 30 жылдық мерейтойы аясында Өңірлік түлектер […]