FactChecking: Швеция патшасы мен патшайымы үш екпеден кейін коронавирус жұқтырған

Манипуляция: «Швеция патшасы мен патшайымы үш екпеден кейін коронавирус жұқтырған»
Қазақстанда ақпараттық сайттардың бірінде Швецияда король мен королева үш екпеден кейін коронавирус жұқтырғаны туралы жаңалық шықты. https://tengrinews.kz/other/korol-koroleva-shvetsii-zarazilis-koronavirusom-treh-458201/   Олардың COVID-19-ға тапсырған ПТР нәтижесі оң болып шыққан. Бұл ретте патша сарайының өкілдері король мен королеваның толық вакцина алып, ревакцинациядан өткенін хабарлады.
Айта кетейік, вакцина аурудан қорғамайды, тек оны жұқтыру қаупін азайтады және аурудың барысын жеңілдетеді. Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарманның айтуынша, вакцина аурудан 100 пайыз қорғамайды, 10 пайыз көлемінде ауру жұқтыру қаупі сақталады.
«Вакцина автомобильдегі қауіпсіздік белдігіне ұқсас. Белдік апат кезінде жарақат алудан 100 пайыз қорғамаса да, ауыр жарақат алудан, жарымжан болып қалудан, кейде өлімнен сақтайды. Сол сияқты, вакцина инфекциядан 100 пайыз қорғамаса да, ковидтің қатты асқынуынан сақтайды және өмірді сақтап қалуы мүмкін», – дейді маман (https://anatili.kazgazeta.kz/news/59370).
Демек, Швеция патшасы мен патшайымының үш екпеден кейін коронавирус жұқтырды деген ақпарат – манипуляция.

Бақытгүл ШЕРКЕНОВА

Нұр-Сұлтан қаласы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Жер сағаты» акциясына қатысыңыздар

Жұм Нау 25 , 2022
Оқылды: 656 Елорданың көптеген нысандары «Жер сағаты» акциясы аясында сыртқы сәндік жарықтандыруды өшіреді. Жер шарындағы «Жер сағаты»атты ең ірі акция биыл 26 наурызда жергілікті уақыт бойынша 19:30 -20:30 аралығында өтеді. Акцияның негізгі мақсаты-адамдардың назарын Жер шарының ресурстарына жауапты және ұқыпты қарауға аудару. Бұл дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ғаламдық акциясы […]