Ерлік сабағы

Қарағанды гарнизоны оқушыларға ерлік сабағын өткізді.


Қарағанды гарнизоны мектеп оқушыларымен «Ұлы дала әскері – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында ерлік сабақтарын өткізді.
Шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын Отансүйгіштікке баулу, елін-жерін сүюге тәрбиелеу.
Осы орайда № 95 мектеп-гимназиясы мен № 46 орта мектеп оқушыларына ерлік сабақтарын өткізуге Таулы Қарабақта жауынгерлік іс-қимыл ұрыстарын жүргізген, Қарағанды қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Омаров пен тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан Шыңғыс Жамауов та болды. Әскери іс-қимылда қызметтік міндеттерін орындаған қарапайым сарбаздардың ерлік әрекеттері, олардың ұрыс даласында тап болған қиын жағдайлары да кеш барысында баяндалды.
Ардагерлер бұл дала ұрыстарының сабақтары ұмытылмауы тиіс және қазіргі таңда адамзат бейбіт сүру үшін барлық жағдай жасалып жатқанын, биылғы жылғы Мемлекет басшысының Жолдауы мен Қорғаныс министрлігінің тұжырымдамасына тоқталып, сөз соңында әр азамат Отанды қорғауға дайын болуы керек деген пікірін айтты.
«Тәуелсіздік пен бейбітшілік – мемлекет дамуының кепілі. Армия өмірдің осы екі маңызды жетістіктерді сақтауды қамтамасыз етеді. Бүгінде еліміздің Қарулы Күштері жауынгерлік даярлық қарқындылығының жоғары деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындарының жүйелі желісімен және қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді, – деді  өз кезегінде Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Омаров
Аталмыш ерлік сабағы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып өткізіліп жатқанын айта кеткен жөн.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Журналистер ағылшын тілі курсына қатыса алады

Сей Қар 2 , 2021
Оқылды: 97 Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қабылдау! Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің атынан «Next Level English» журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қабылдауды бастайды! Бағдарлама жұмыс істейтін журналистер үшін ашық. Қатысу шарттары: • журналист қазіргі уақытта теледидарда/радиода/баспа басылымдарында/онлайн БАҚ-да жұмыс істеуі керек • Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, […]