Дәрігерлер қауырт қызметте

 

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Қарағанды облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қарағанды облысында  коронавирус инфекциясының жалпы 7 оқиғасы тіркелген,  Бүгінде эпидемияға қарсы қауіпсіздік шаралары сақталып, барлық науқастар оқшауланды және емдеу курсынан өтеді. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалады. Қажетті дәрілер толық көлемде бар.
Қарағанды облысында тәулік бойы бақылаудағы карантинде 509, үй карантинінде – 421 тұрғын бар.
Біздің тұрғындардан коронавирусты анықтау үшін тестілеу өткізу туралы көптеген сұрақтар келіп түсуде.
Облыстық бюджет есебінен 100 мың экспресс-тест сатып алынғанын сіздердің назарларыңызға жеткіземін. 7- сәуірде олар облысқа келіп түседі. Тестілеу аумақтық емханаларда тегін негізде, тек қатаң түрде клиникалық айғақтар болған жағдайда жүргізіледі.
Құрметті жерлестер!
Сіздерден саналық танытуды және сыртқы байланыстарды барынша болдырмауды сұраймын: адамдар көп жиналатын жерлерге бармаңыздар, қажеттілік туындамаса далаға шықпаңыздар. Дәріханаларға, азық-түлік дүкендеріне барғанда жеке қорғану құралдарын қолданыңыздар.
Барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді, бірақ біз сіздерден дәрігерге жоспарлы сапарларды кейінге қалдыруды сұраймыз. Күйіңіз нашарлаған жағдайда жедел жәрдем бригадасын шақырыңыз. ЖРВИ-дің алғашқы белгілері кезінде дәрігерді үйге шақырыңыз.
Өздеріңізді сақтаңыздар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандыда карантин жарияланды

Жек Нау 29 , 2020
Оқылды: 1  417 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлайды. Қарағанды облысының бес қаласында – Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалаларында карантин 2020 жылғы 30 наурыздан бастап, яғни жексенбіден дүйсенбіге қараған түні енгізілді. Карантин жағдайында қандай шектеулер болады? Біз неге дайын болуымыз керек? […]