ҰБТ 2020 қалай өткізіледі

Биылғы ҰБТ-ге оқушылардың IV тоқсанда оқыған бағдарлама енгізілмейді. ҰБТ жалпы мектеп бағдарламасына негізделеді.  

http://aimaq09.kz/  өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Оқу бағдарламасына сәйкес 11-сынып оқушылары  негізінен, бұрын оқылған материалды қайталап, бекітеді, яғни, 11-сыныптың соңғы тоқсанында жаңа тақырыптар аз.

Осыған байланысты Ұлттық тестілеу орталығы 2020 жылғы ҰБТ-да пайдаланылатын сұрақтар IV тоқсанның бағдарламасын қамтымайтынын мәлімдеді.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, мамандар тест тапсырмаларының мазмұнын егжей-тегжейлі талдады.

«Біз қашықтан оқуға көшу ҰБТ-ға дайындалуға әсер етпейді деп есептейміз, оның үстіне, мектеп оқушылары ҰТО-ның сайтында орналастырылған сынама тестілерін тегін пайдалану мүмкіндігіне ие. Әрбір пән бойынша 70 нұсқа әзірленді. Біз оқушылардың сынама тестілерін белсенді пайдаланатынын көріп отырмыз. Карантин кезінде оқушылардың ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оның үстіне ҰБТ сұрақтары төртінші тоқсанның тақырыптарын емес, жалпы мектеп бағдарламасын қамтиды. Айтпақшы, соңғы жылдары фактологиялық материалды жаттау мен  есте сақтауға емес, функционалдық сауаттылыққа байланысты сұрақтардың үлесі артып келеді», – деді Дидар Смағұлов.

Ол, сондай-ақ, ҰБТ-ны өткізу бұрынғы форматта қалатынын, алайда қосымша санитарлық шектеу шаралары енгізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, карантин ұзартылған жағдайда ҰБТ-ны өткізудің балама нұсқасы дайындалып жатыр.

БҒМ баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ЖАЛҒАН

Бей Сәу 23 , 2020
Оқылды: 1  445 Төрехан МАЙБАС, жазушы-этнограф, «ҚазАқпарат» баспа корпорациясының вице-президенті, «Көкбөрі Керней баба» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті. 1954 жылы Қарағанды облысы Шет ауданының Ақшатау кентінде дүниеге келген. ҚР Журналистер Одағының мүшесі (1994). ҚР Жазушылар Одағының мүшесі (2014). ҚР Мәдениет қайраткері (2004). Марат Қабанбай атындағы сыйлықтың лауреаты (2004). Шет ауданының Құрметті азаматы […]