Біртұтас ел – Біртұтас жер: Оқушыларға ерлік сабағы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары, подполковник Еркебұлан Мұстағұлов жалпы білім беретін №19 мектептің 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, «Біртұтас ел – Біртұтас жер» тақырыбында патриоттық тәрбиеге бағытталған ерлік сабағын өткізді.

Іс-шара барысында подполковник Мұстағұлов оқушыларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуы мен дамуы, әскери қызметтің маңызы, Отан қорғаушылардың ерлік жолы туралы кеңінен әңгімеледі. Өз сөзінде ол қазіргі жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел қорғаны. Біз Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов сынды батырлардың ерлігін мақтан тұтып, олардың жолын жалғастыратын өскелең буынды тәрбиелеуіміз керек. Қарулы Күштер – ел тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі. Сондықтан әрбір жас буын Отан алдындағы борышын терең түсініп, соған сай әрекет етуі қажет, – деді подполковник Еркебұлан Мұстағұлов.

Оқушылар әскери қызметкердің әңгімесін ерекше ықыласпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Олар әскери мамандықтар, әскерге қабылдану тәртібі, әскери өмірдің қыр-сыры туралы білуге ықылас танытты. Подполковник оқушылардың белсенділігіне ризашылығын білдіріп, олардың білімге, тәртіпке және патриоттық сезімге негізделген мақсаттары қуантатынын атап өтті. Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ерекше әсермен тарқасты. Жас жеткіншектердің бірі болашақта әскер қатарына қосылып, елін қорғайтын азамат болуға ниетті екенін айтты.

Бүгінгі кездесуден кейін Отан қорғау – үлкен жауапкершілік пен мәртебе екенін түсіндім. Бауыржан Момышұлы атамыздың ерлігіне қарап, мен де болашақта сондай батыр болғым келеді. Әскери қызмет – менің арманым, – дейді,9-сынып оқушысы Нұрдәулет Сейілбек.

Осындай ерлік сабақтары жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты нығайтып, оларды Отанға қызмет етуге шабыттандырады. Мектеп ұжымы мен оқушылар Қорғаныс министрлігіне және подполковник Еркебұлан Мұстағұловқа алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандылық оқушылар республикалық «Алау» әскери-спорттық ойынында үздік шықты

Дүй Қыр 15 , 2025
Оқылды: 165 2025 жылғы 10–11 қыркүйек күндері ҚР Қорғаныс министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты, Спасск оқу-жаттығу орталығында республикалық деңгейдегі «Алау» әскери-спорттық ойыны өтті. Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға бағытталған бұл шараға еліміздің 20 өңірінен 180-нен астам қатысушы жиналды.Қарағанды өңірінің намысын аталмыш додада №91 жалпы білім беретін мектебінің «Жас қырандар» командасы мен […]