Бір күндік әскер

Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының жастары мен 9-11 сынып оқушылары үшін ашық есік күнің өткізді.
«Астана» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында бас қосқан «Ю.Н.Павлов атындағы №33 орта мектептің оқушылары бұл іс-шараға өз ризашылығын білдірді. 7-8 сынып оқушылары «Жас сарбаздықтар» қару-жарақ пен әскери техникалармен танысты, атыс қаруының үлгілері бар шағын экспозицияны көрген оқушылар үшін бұл кездесудің орны бөлек. Оқушылар үшін әскери бөлімнің аумағында экскурсия жұмыстары жүргізіліп, сарбаздардың дайындық сабақтары, асхана және спорт қалашығы көрсетілген.
Біз бір күндік армияда уақытымызды тамаша өткіздік деп айта аламыз. Біз қару-жарақ пен әскери техникамен, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың өмірі мен олардың қалай қызмет ететіндіктерімен таныстық», – деп ағынан жарылды « Жас сарбаздықтардың »тәрбиеленушісі Арина Сухорукова сөйлеген сөзінде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жауынгерлік даңқ лентасы

Сей Мам 11 , 2021
Оқылды: 1  197 Қарағанды қаласында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай «Жауынгерлік даңқ» лентасының тұсаукесері болып өтті. Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясының                                              бастамасымен […]