Аяла қайырымдылық қоры қолдайды

«АЯЛА» қайырымдылық қоры 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Қордың ережесіне сай, балаларға көмек беретін медицина және білім мекемелерінің өтінішін қарастырады. Бүгінде балаларға арналған 242 мемлекеттік медициналық және білім беру мекемесінің өтінішін Қазақстанның 67 қаласы мен ауылдық елді-мекендерінде жүзеге асырды. Қаржы  өзекті әлеуметтік мәселелердің шешілуіне жиналады.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Қордың жүргізіп отырған саясаты:

Қазақстанда сәбилер мен балалар өлімін және мүгедектігін қысқарту;
*Қазақстандағы балалар ауруханасы, перинаталдық орталықтар мен перзентхана дәрігерлерін оқытуға және біліктілігін арттыруға көмектесу;
*қазақстандық балалар үйіне және мектеп-интернатқа, сондай-ақ тәрбиеленушілерді кәсіпке баулуда көмек көрсету;
*сұранысы ерекше балаларға коррекциялық оқуда және дамуда көмектесу.

Бүгінде Аяла қорының атсалысуымен елімізде 30 000-нан астам баланың өмірі сақталып қалды. 1 000 бала түрлі кәсіпке баулу сабағынан өтті. 5 000 балаға Жаңа жылға түрлі сыйлықтар берілді. Әлеуметтік жағдайы төмен 200 отбасы (көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар) қордан азық-түлік және жаңа киім түрінде көмек алды. Жоғарғы сынып және колледждің 10 оқушысы CodingLab жобасында оқыды. Алматыдан 4 жоғарғы сынып оқушысы «Арыстан» арнайы лицейіне оқуға түсті.

 

Аяла қорында  3 медициналық, 3 білім беру бойынша 6 жоба бар.

 «АЯЛА» Академиясы» жобасының мақсаты Қазақстандағы балалар ауруханасы, перинаталдық орталықтар мен перзентханалардың дәрігерлері мен медбикелерінің біліктілігін арттыру. Оқыту ayala.academy.kz онлайн-платформасы арқылы Қазақстанның, РФ және ЕО үздік тәжірибелі дәрігер-неонатологтарының видео-курсы арқылы жалғасады.

 

«Профориентация» жобасы балалар үйі және мектеп-интернат балаларының әлеуметтік тұрғыда бейімделуіне көмектесуді көздейді. Мақсат – жасөспірімдерге кәсіп таңдауда бағыт-бағдар беріп, түрлі курстар ұйымдастыру арқылы жұмысқа тұру мүмкіндігіне жол ашу. Осы уақыт ішінде түрлі балалар мекемесіне 120  тігін машинасы және шеберхана құралы орнатылды. 

«Ерекше балаға – ерекше назар» жобасы Қазақстанның 48 арнайы мектебінде оқитын интеллектуалдық кемістігі бар балаларға көмектесуге бағытталған. Мұндағы мақсат – мүгедектігі бар балалармен жұмыс істейтін мекеме мамандарына, ақыл-ой дамуында күрделі ауытқуы бар баланың  ата-аналарына баланың дұрыс дамуына күтім жасауға қол ұшын беру. 

«Өмір сыйлайық» жобасы Қазақстан ауруханаларының балалар бөліміндегі жансақтау бөлімін өмірге маңызды құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге бағытталған. 2007 жылы бастау алған жоба, бүгінде еліміздің 36 қаласы мен елді мекенін және 66 медициналық мекемесін қамтыды. Демеушілердің көмегімен жиналған 408,9 млн теңге ондаған мың баланың өмірін сақтауға және отандық медицина мамандарының біліктілігін арттыруға арналған курстарға жұмсалды.

«Басқарылатын гипотермия» Қазақстанда жаңа туған баланың өмірі мен интеллектісін сақтап қалуға бағытталған жоба. Бүгінде жаңа туған сәбилер өлімінің 70% гипоксияның салдарынан туындайды. Гипоксия кезінде ми жасушалары түрлі патологиялық физиологиялық процесс салдарынан өліп кетеді. Соңында баланың болашақ интеллекті зардап шегеді. Қор сәби миының жасушаларын сақтап қалуға көмектесетін жабдықпен еліміздегі перинаталдық орталықтар мен перзентханаларды қамтамасыз ету мақсатында демеушілер іздейді.

«Жақсы іс жасайық» жобасы балабақшалар мен арнайы интернаттарды балалардың емделуі мен күнделікті өміріне қажет құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде аталған жоба аясында балаларға 6 000 ойыншық, кітап, кеңсе тауары сыйға тартылды. 46 ойын алаңы салынды. 5 монтессори бөлмесі және 19 сенсорлық бөлмесі жабдықталды. Балаларға арналған 200 түрлі ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды.

«АЯЛА» қайырымдылық қорының басты ұстанымы – неонатология, яғни сәбилер денсаулығы қордың үнемі назарында. Мысалы, Шеврон компаниясының қолдауымен еліміздің барлық аймағынан дәрігерлерді жинап, Алматы қаласында медицина мамандарын өзекті тақырып бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын өткізіп жүр. Бүгінде 7 оқыту семинары ұйымдастырылып, оған Қазақстанның 200 маманы қатысты. Сондай-ақ перзентті дүниеге әкелуге көмектесетін ұйымдардың неонатологтарына, медициналық ЖОО студенттері мен резиденттеріне арналған 3 әдістік ұсыныс құралы жарыққа шығарылды. Алматыға Пусан Ұлттық университетінің госпиталінен (Оңтүстік Корея) 2 профессор келіп, балаларға 50 кеңес өткізіп, 2 ота жасау шарасына қатысты. Соымен қатар осы шетелдік госпитальға 2 апталық біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 2 қазақстандық дәрігер барып қайтты.

«Аяла» қорына демеушілерден түскен барлық қаржы қайырымдылық жобаларына жұмсалады. Қордың әкімшілік шығынын құрылтайшы өзі көтереді. Қазақстан бойынша КӘЖ (корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік) жобаларды «толық» жүзеге асырады. Қайырымдылықтағы инновация басты назарда.  Мәселені жүйелі түрде шешеді.

Қор болашақта Қазақстанда сәбилер өлімі мен мүгедектігін қысқартуға бағытталған ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда «Өмір сыйлайық», «Басқарылатын гипотермия» жобалары. Жыл соңында АЯЛА Академиясының онлайн-порталын іске қосу көзделген. Осы жобаның арқасында еліміздегі балалар ауруханасының дәрігер-неонатологтары мен медбикелерінің біліктілігін арттыру да кезекте тұрған мәселе. Жоба «Шеврон» компаниясының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылмақ. Қор ютуб арнасын плей-парақшамен ашпақшы және ағымдағы жылдың қараша айында жаңа ыңғайлы сайтты іске қосады. «АЯЛА» қоры жаңа коммуникациялық кампания жүргізіп, жобаларына мүмкіндігінше барша қазақстандықты тартуға тырысады.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ҰЛТ РУХАНИЯТЫНА ҚОСЫЛҒАН ҮЛЕС

Бей Қар 5 , 2020
Оқылды: 1  476 «ЕЛІН СҮЙГЕН ЕРДІҢ ІЗІ» тақырыбымен өткен Бүркіт Ысқақұлы қайраткерлігі мен шығармашылығын насихаттауға арналған Нұра ауданының Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 10 күндік (декада) өз мәресіне жетіп, қорытынды жасалды. http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Арнайы хат жіберіп шақырғаннан соң Нұра кентіне бардық. […]