Автокөліктен шықпай-ақ жанармай құй

Halyk Bank Қазақстанда алғаш рет Halyk Homebank қосымшасында қашықтан жанармай құю қызметін іске қосты. Атаулы қызмет Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қызылорда, Талғар және Қапшағай қалаларында Сompass ЖҚБ-нің 14 филиалы арқылы жүзеге асты.

Енді Compass жанармай құю бекетіне жеткенде, көліктің салонынан шығып, кассада төлем жасау үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ. Halyk Homebank арқылы көліктен шықпай-ақ ұялы телефон көмегімен жанармай құюға болады. Бұл ретте құю үдерісін ЖҚБ операторы жүзеге асырады. 

“Біз жаңа инновациялық қашықтан қызмет көрсету сервистерін түсінікті әрі клиенттерге ыңғайлы болу үшін әзірлеп, оларды өз қызметімізге енгізіуді тоқтатпадық, – деп Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Смағұлов атап өтті, – серіктесіміз Compass ЖҚБ желісімен дебюттік жоба – бұл тек бастамасы ғана. Жақын болашақта біз оны бүкіл ел бойынша қамтуды жоспарлап отырмыз, бұл автокөлік иелеріне бүкіл Қазақстан бойынша үлкенді-кіші ЖҚБ желілерінде атаулы мүмкіндік пен артықшылықты пайдалануға жол ашады”.

Енді Compass автожанармай құю стансасының кез-келген филиалында Halyk Homebank қосымшасы арқылы, “төлемдер” бөліміне өтіп, одан әрі “жанармай құю” бөлімін таңдаңыз:
– ЖҚБ;
– баған нөмірі;
– жанармай нөмірі, құю көлемі немесе сомасы;
– кез келген банктің картасын байланыстырыңыз және төлем жасаңыз.

Halyk Bank-тің жаңа қашықтан жанармай құю қызметін қолдана отырып, әр жанармай құю кезінде жұмсалған жалпы соманың 5%-ын бонусын ретінде ала аласыз, оны кейіннен Halyk Club бонустық бағдарламасының серіктестерінің желісінде жұмсауға болады.

Дереккөз: https://ttjk.info/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жауынгерлік борышын өтеген сарбаздар үйлеріне оралады  

Жұм Там 6 , 2021
Оқылды: 696 Қарағанды гарнизонына қарасты 44803 әскери бөлімінің 80-ге жуық сарбазы Отан алдындағы борышын абыроймен атқарды. Жақын күндері отбасына оралатын жастардың көңіл-күйлері де ерекше.   Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімде мерзімді қызметте әскери міндетін өткерген сарбаздар үшін әскери бөлімнің жеке құрамы қоштасу кешін ұйымдастырды. Бұдан бөлек, бір жыл ішінде әскери […]