Облыс әкімінің, Қарағанды облысының қалалары мен аудандары әкімдерінің 2020 жылғы 3-19 ақпан аралығында есеп беру кездесулерін өткізу кестесі 01.02-Саран қаласы әкімінің есеп беру кездесуі, қалалық МҮ, 16.00. 04.02 – Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің есеп беру кездесуі, Балалар мен жасөспірімдер сарайы, 15.00. 04.02-Теміртау әкімінің есеп беру кездесуі, ТМҮ, 16.00. […]

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толады. Осыған орай, қарағандылық ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек беріледі. Жеңістің 75 жылдығына орай қалалық іс-шаралар жоспарының жобасы дайындалды. 9 мамырда дәстүр бойынша «Мәңгілік Алау» әскери Даңқ мемориалында еске алу митингі өтеді. Жеңіс саябағында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады, — деп […]

Облыс басшысы Жеңіс Қасымбектің қолдауымен ұлы ойшылдар әлеміне бойлау мақсатында «Сарыарқа саңлағы» тақырыбымен қолға алынған ауқымды жоба Жезқазғанда желкен жайды. Биыл туғанына 1150 жыл толатын «Әлемнің екінші ұстазы» Әбу Насыр әл-ФАРАБИ мен 175 жылдығы тойланатын «Қазақтың бас ақыны» Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ асыл мұрасы пайымды пікірталас алаңының арқауына айналды. Жалпы биыл мерейтойы […]

Бейсенбі күні облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК Жезқазған-Ұлытау өңіріне жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында аймақ басшысы Жезқазған қаласын сумен қамту, Жезді кентіндегі байыту фабрикасын қалпына келтіру және басқа мәселелерді назарға алып, жезқазғандық бір топ дәрігерге пәтер кілттерін табыстады. Жезқазған қаласын сумен қамту мәселесі қала әкімдігінде өткен жиында талқыланды. Бұл – қазір […]

Былтыр шілдеден қыркүйекке дейін Сібірдегі өрт жер-жаһанның құтын қашырып еді. Енді, ежелден жасыл құрлық деген аты шыққан Аустралия отқа оранды. Тамыздан бері тілсіз жау ырық бермей тұр. Азуын айға білеп, Марсқа жол салған адамзат табиғи катаклизмдер алдында қауқарсыз. Ну орманнан жол бойына шығып, жолаушыдан су сұраған коаладан қай дәрменіміз артық?! […]

Қарағандыда идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын өзгерту көзделіп отыр. Осыған байланысты, 13 қаңтарда сағат 17:00-де «Достық» үйінде қоғамдық тыңдау өтпек. Аталмыш жиынның маңызы мен салмағы қандай болмақ? Кеншілер шаһарында Зональная, Ленин, Волочаевская, Кривогуз, Защитная, Кувская, Олимпийская, Приканальная, Черкасская секілді атауы ескірген көшелер бар. Лениннің кім екені баршамызға мәлім. Жұрт арасынан […]

Қазыбек би ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Дархан Малдыбаев тағайындалды. Дархан Дүйсебайұлы әкім орынбасары қызметінде әлеуметтік сала блогына және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Дархан Малдыбаевтың екі жоғары білімі бар. Біліктілігі бойынша «Политолог», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының иесі. Еңбек жолын 2005 жылы […]