Қарағанды облысының аумағында «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушылар пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «23 қаңтарда 21 сағат 43 минутта Қарағанды жол бөлімшесіне қарасты Қарабас стансасының «Қарағанды – Пассажирская – Жарық» учаскесінде «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушы пойызының 4 вагоны рельстен шығып […]

Арқаның дүлдүл әншісі, сырбаз мінезді, ұстаз, Тәттімбет өнер колледжінің директоры Мейірхан Адамбеков ағамызды Қарағанды жұрты жер қойнына кеше ғана тапсырды, қимай қоштасты.  Мейірхан Сәйдіұлы Адамбеков 1958 жылы 1 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Томар ауылынла туған. Алматы эстрада-цирк студиясында Ж. Елебеков класы бойынша белгілі әнші Ж. Кәрменовтен дәріс алған.  Өмір бойы өнер […]

Қарағанды қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді, оларды бақылауды қала әкімдігі жанындағы штаб жүзеге асырады. Қарды жинауға және шығаруға қатысты барлық мәселелер бойынша қала тұрғындары 8-701-856-60-56 нөмірі бойынша хабарласа алады. Қарағанды қаласының әкімдігі қаланың барлық кәсіпорындарын іргелес аумақтардағы қарды уақытылы тазалауды, сондай-ақ өз қызметкерлері үшін жұмыс күнін қысқартуға шақырады. […]

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Автожолдарды уақытылы жабу, сондай-ақ, ТЖ департаментінің күштері мен құтқару техникаларын көшіру, мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді. Өткен тәулікте Қарағанды, Теміртау, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Ақтоғай және Ұлытау аудандарында адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Қарағанды облысының ТЖ […]

«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» өңірлік байқауы екінші рет өткізіледі. Веб-квестке мектеп командалары қатыса алады. Ол үшін компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, туған өлкесінің көрікті жерлері мен әсем мекендерін көрсету қажет. Байқаудың бастамашысы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы болды. Алғашқы өлкетану веб-квест өткен жылдың қыркүйегінде өтті. Оған […]

«АДЫРНАДАН» (сайт) Есен Рамазан деген азаматтың «Бөрісырғағын…» оқып шықтым. Ең біріншіден, бұл жазбадан қасқырдың иісі шықпайды. Қасқырға қатысты ештеңе оқи алмадым. Екіншіден, қасқыр болып ұлып тұрған боран табиғатын да көре алмадым. *** Ең алдымен, əуектің өз заңы бар. Ол заң бойынша олар ешқашанда бір-біріне қастық қылмайды. Екіншіден, əуектегі əр қасқырдың […]

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі дауылды ескерту жариялады.  Карағанды облысында 23-24 қаңтарда жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ (көбінесе облыстың солтүстігінде және батысында), тұман (көбінесе облыстың шығысында ) болуы мүмкін. 23 қаңтарда оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші түнде  15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-дейін жетеді. 23 қаңтарда […]

Бүгінде «жаңа» және «ақылды» технологиялар қарыштап дамып, адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Цифрландыру – бұл бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған барлық елдер ұстанатын жаһандық тренд. Қарағанды облысында цифрландыруды дамыту 10 стратегиялық бағыт бойынша нақты алгоритммен жұмыс істеп келеді және ауыл шаруашылығы, қоғамдық көлік, білім […]

Жезқазған қаласындағы«Қазақмыс» корпорациясының ғимаратында 21 қаңтардың кешкі сағат алтыдан кеткенде басшылар арасында жанжал болған. «Кәсіп Қорған» кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай ТӘЖБЕНОВ көз жұмды.  Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайтының Қарағанды өңіріндегі тілшісі хабарлайды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директоры Амангелді МИНИГУЛОВТЫҢ кабинетінде «Кәсіп Қорған» кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов арасында текетірес болған. Бейресми […]

Елімізде «Армения мен Қырғызстаннан жеткізілетін көліктердің кедендік рәсімдеусіз жүруіне тыйым салынды» деп елдің дүрліккеніне біраз болды. Биылдан бастап аталған елдерден әкелінген темір тұлпарлар тіркеуден өткізілмесе, иесіне айыппұл салынып, көлігі айып тұрағына қойылады. Ішкі істер министрлігі шетелдік нөмірі бар көліктер заң бұзған жағдайда жазадан құтылып кететінін ескеріп, осы мәселенің алдын алып […]