Атыс оқу-жаттығу алаңында

Қазақстан Республикасына Қызмет етемін!

06708 әскери бөлімінің жеке құрамы кезекті жауынгерлік жоспарлы бақылау бойынша атыс дайындығын тапсырды.

   Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.

    Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады.  Жеке құрам нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында әскери қызметшілер жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін анық байқатты.

   Сабақтың бақылау тексерісі бойынша жеке құрам арасынан нысанаға дәл тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар.        Солардың бірі 91 ұпай жинаған сарбаз  Пшембаев  Арман Оралбайұлы.

    Жауынгерлік оқ ату жаттығулары жеке құрамның атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату дағдыларын шыңдайды.

    Жеке құрамның атыс дайындығы сабағын 06708 әскери бөлімінің командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары подполковник Құланбаев Өміртай өзі бақылады. 

– Шеберлік жаттығуда шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір сарбаз жауынгерлік даярлықтағы көрсетіп жүрген жетістіктері күннен күнге артып келеді. Олардың атыс дайындығындағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижелері деп білеміз. Жеке құрам осымен тоқтап қалмай, жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін, – деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген 06708 әскери бөлімінің командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары.

Думан Жұмашұлы лейтенант

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскерилер мектеп оқушыларымен кездесті

Жұм Сәу 7 , 2023
Оқылды: 739 Бұқаралық қорғаныс және әскери – патриоттыққа тәрбиелеу бойынша айлық жұмыстарының ашылуы Ақтас қаласына қарасты Мәдениет сарайында ұйымдастырылды. Дәстүрлі жиын Қарулы күштердің, халықтың жауынгерлік еңбек қағидаларын, оның ерлік тарихын, мектеп оқушыларына Отан туралы білімін тереңдетіп, қоғамдық-саяси көзқарасын кеңейтуге қалыптастырады. Аталмыш айлық аясында мектеп оқушыларына қасиетті жауынгерге қажетті тәртіпті, батырлыққа, […]