Қарағандылық жас өрен Түркиядағы ән байқауына жолдама алды

Он бір жасар қарағандылық Асылайым Болатқызы Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған туған ел» әнін орындап, Түркиядағы «Мен де жұлдыз боламын!» Халықаралық байқауына жолдама алды.   

«Мен де жұлдыз боламын!» үш турдан тұрды. Біріншісі қазан айында онлайн форматта болды. Оның қорытындысы бойынша біз желтоқсан айында өткен жартылай финалға өттік. Финал 25 қаңтарда Алматыда өтті. Асылайым екі жылдан бері Кеншілер мәдениет сарайы жанындағы «Шабыт» үйірмесінде вокалмен айналысады. Түркияда байқау маусым айына жоспарланған, бірақ бәрі эпиджағдайға байланысты. Ұйымдастырушылар бізге қандай ән дайындау керектігін айтады, – деді «Шабыт» үйірмесінің жетекшісі Ерболат Маханбет.

Бұл Асылайымның алғашқы жеңісі емес. Ол көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Жас дарынның жетекшісі Ерболат Маханбет те марапатсыз қалған жоқ. Ұстазға ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етілді. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Марғұлан Боранбайға сауға!

Дүй Ақп 1 , 2021
Оқылды: 1  249 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан Марғұлан Боранбайға сауға сұраймын ! Көзіміз ашылғаннан бері қазақ елдігімізге, тілімізге жасалып жатқан зұлым қоғам ортасында өстік. Өзіміз көрмесек те, сонау сұрапыл замандардың таңбасындай қалған «Сары орыстан қорықпа, қара орыстан қорқуың керек», – деген әжелеріміздің аузынан естіген мақалдар, елімізге жасалған зорлық – зомбылық […]