Қарағандыда Ұлттық ұран күні аталып өтті

Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясы мен Қазақ тілі қоғамының ұйымдастыруымен Қазақ күнтізбесіндегі мән-мазмұны жоғары атаулы күннің бірі Ұлттық ұран күні аталып өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған осы атаулы күнге орай өткен шарада жиналғандар қазақтың «Алаш», «Әруақ», «Абылай» ұрандарын айтып ел халқына өздерінің құттықтауларын арнады.


Ұйымдастырушылар бұл атаулы күннің Қазақ күнтізбесінде алар орны ерекше екенін айтып, алдағы уақытта ұлттық ұрандарды ұлықтауға бағытталған бұл шараның тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.
Жалпы алғанда 2019 жылы тұсауы кесілген Қазақ күнтізбесі жобасында Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған барлығы 19 атаулы күн белгіленген. Жоба ұйымдастырушылары Ұлт денсаулығы күні, Қазақ тарихы, Қазақ әдебиеті, Туған жер, Ұлттық ойындар, Мемлекеттік тіл, Ұлт қайраткерлерін еске алу күні, Қазақ өнері, Батырлар күні, Аяулы қазақ қыздары, Қазақ халқы, Ақсақалдар күндеріне орай тұрақты негізде шаралар ұйымдастырып келеді. Бұл «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясы қоғамдық жобасы аясында қолға алынған 23 жоба болып табылады. Осыған дейін кітаптар сериясы шеңберінде «Тәуелсіздік лентасы» және қазақтың әскери салттарын ұлықтайтын «Жауынгерлік даңқ лентасы», Қазақ тарихының анықтамалығы сынды бірегей жобалар ұсынылған болатын.
Алдағы уақытта кітаптар сериясы шеңберінде Мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған арнайы әдістеме және ұлт құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Халық мұрасы» бағдарламасын, Ердің 50 міндеті сынды жобалаларды ұсыну жоспарланып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жемқорлыққа қарсы әрекет - ел азаматының міндеті

Сен Мау 26 , 2021
Оқылды: 1  111 Еліміздің мемлекет болып қалыптасуына экономика зор үлес қосатыны анық. Алайда биік ағаштың діңгегін құрт жегендей, дамуымыздағы тағы бір кедергілердің бірі- сыбайлас жемқорлық. Ол тек жүйені ғана емес білдей бір халықты жоюшы фактор. Егер бұл кесапат мемлекет қорғанысын жайласа, келер қауіптің қандай болары айтпасақ та белгілі. Сыбайлас жемқорлықпен жүргізілер […]