Қарағандыда қауіпті індеттен екінші адам көз жұмды

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Қарағанды өңірінде короновирус кеселінен көз жұмған екінші қайғылы оқиға тіркелді. Қауіпті кеселдің құрбаны болған адам Шахтинск қаласының 1958 жылғы тұрғыны. Бастапқыда оның отбасында жақындарының бірінен короновирус анықталған. Ол бұл сырқаттан емделіп жазылып шыққан. Алайда сырқатты  жақындарының бірінен жұқтырған  1958 жылғы ер адамның жағдайы нашарлай бастаған. Короновирустың салдарынан оның екі өкпесі қабынған. 5-сәуірде ауруханаға өкпесі қабынған деген диагнозбен түскен. 14 сәуірде оның жағдайы нашарлаған соң Нұр – Сұлтан қаласындағы ауруханаға ауыстырылған. Ол 19 күн бойы ем алған. Дәрігерлердің жан-жақты түрде ем көрсеткеніне қарамастан Шахтинск қаласының тұрғыны 3-мамыр күні көз жұмды.

Қарағанды облысында 3 мамырдағы жағдай бойынша короновирусқа шалдыққандар қатары 155 адамға жетті. Оның ішінде екі адам көз жұмса, сырқаттан 73 адам сауығып шықты. Ал елімізде вирус жұқтырған 3913 науқас тіркеліп, 1084 адам дертінен жазылған.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА, Қарағанды қаласы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Өзбекстан өтемақы төлей ме

Жек Мам 3 , 2020
Оқылды: 1  099 Түнде анама Мəскеудің сағатымен 23-30-да звондадым. Бұл кезде Қазақстанда түнгі 2-30. Анамның ұйықтамай жатқанын білем ғой. Анам ғана емес, біздің Жетісай өңірінің көп адамы соңғы күндері қорқыныштан ұйықтамайды. Халықты айдың-күннің аманында осындай əбігерге сап қойған Өзбекстанға біздің билік талабын қоя ала ма? Анау су басып, үйінен, қанша малынан, […]