Қарағандыда 7-сәуірде қатаң режімдегі карантин жарияланды

Қарағандыда 9 үйге карантин белгіленді

   

1. Ермеков көшесі 106/1, 2-кіреберіс.
2. Ержанов көшесі 20, 2-кіреберіс.
3. Кеншілер көшесі 5, 1-кіреберіс
4. Шахтеров даңғылы 31, б 3-кіреберіс
5. Республика даңғылы 40, 3-кіреберіс
6. Гапеев көшесі, 6, 12-кіреберіс
7. Гапеев көшесі, 29-кіреберіс
8. Степной 3-ықшам ауданы, 3-үй, 1-кіреберіс
9 Приканальная 6, 6-кіреберіс

Қарағанды облысында үй карантинінде 1 440 адам отыр. Тәулік бойы бақылауда – 908 емделуші, оның ішінде 54-і жұқпалы боксте. Бұл 1А және 1Б санатындағы елдерден (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Мысыр) оралған немесе жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 медицина қызметкері ауыр халде жатыр. Қазақстанның 8 өңірінде жалпы саны 67 дәрігер Covid-19 инфекциясымен сырқаттанған. Бүгінде 9 емделушінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Қалған 57 науқас хаттамаға сәйкес ем қабылдауда. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, ауру симптомдарсыз өтіп жатыр. дәрігерлермен бірге осы майданда жүрген өзге сала қызметкерлері де тіркелуде. 

– Карантин қанша уақытқа созылады? Қойылған шектеулерге әлі қанша шыдауымыз керек?
– Ел мен өңірде коронавирустың таралуына байланысты. Шектеу тұрғындардың қауіпсіздігі үшін енгізілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының барлық аумағы бойынша 7 сәуір күні 00.00-ден бастап карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар бекітілді. Осы уақыттан бастап карантиндік аймаққа кіруге де, одан шығуға да тыйым салынады.
Карантиннің ерекше тәртібі Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Бұқар Жырау ауданының алты елді мекенінде: Доскей, Үштөбе, Ботақара, Көкпекті, Ғабиден Мұстафин, Петровка елді мекендерінде халықтың кәсіпкерлік және өзге де тіршілігінің ерекше жағдайлары қарастырыла отырып.

– Қала ішінде жүруге бола ма?
– Жүріп-тұру біршама шектелген. Қаланың басқа аудандарына сіз тек жұмысқа барып, сәйкесінше одан қайта аласыз. Ол үшін жұмыс орнынан басшының қолымен және мөрімен куәландырылған анықтама қажет. Сәйкесінше маршрут көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек.

Карантин кезеңінде рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі:
Денсаулық сақтау жүйесінің объектілері;
Инфрақұрылым, тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері;
Көлік және байланыс қызметтері;
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және жер қойнауын пайдалану субъектілері;
бөлшек сауда объектілері;
тамақтану (жеткізу режимінде) және құрылыс қызметтері;
Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары мен бөлімшелері;
пошталық, курьерлік және жүк қызметтері;
тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу сервистері;
тамақ өнімдерінің, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қоймасы/дистрибуциясы;
қонақ үйлер, қарттар үйлері, балаларға арналған баспаналар, үйсіздерге арналған баспаналар, жануарларға арналған баспаналар;
салттық қызметтер және зират агенттіктері;
бұқаралық ақпарат құралдары;
волонтерлік ұйымдар;
уақытша сақтау қоймалары;
объектілерді күзету бойынша қызмет көрсететін ұйымдар.

– Үйден қай жерге шығуға рұқсат етілген?
– Жұмысқа және кері қайтуға. Сондай-ақ жақын жерде тұратын жерінен 1 500 м радиуста орналасқан дүкенге, дәріханаға.
Онлайн-сатып алуды шектеусіз жасауға болады. Тек өзіне ғана емес, туған-туысқандары мен жақындарына да. Курьерлер тапсырыстарды көрсетілген мекен-жайға жеткізеді. Төлем картамен немесе қолма-қол ақшамен жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың ересек адамдарсыз қозғалуына тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға далаға шықпау ұсынылады.

– Қоғамдық көлік жүрмейді. Қалай жетуге болады?
– Кәсіпорындар өз қызметкерлерін орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастыруы тиіс. Бұдан басқа, такси қызметі жұмысын жалғастырады, бірақ шектеу – машинада бір жолаушыдан артық болмауы тиіс. Растайтын құжаттар (жұмыстан анықтама) болған жағдайда жеке көлікпен де жетуге болады.

– Карантин режимін бұзғаны үшін жазаланатын бола ма?
– ТЖ режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ҚР ӘҚБтК 476 бабы). Полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама жасап, сотқа жібереді. Мүмкін болатын жаза – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (26 мың 510 теңге) немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – 685

  • Нұр-Сұлтан – 222;
  • Алматы – 119;
  • Қызылорда облысы – 54;
  • Қарағанды облысы – 55;
  • Ақмола облысы – 42;
  • Жамбыл облысы – 45;
  • Түркістан облысы – 33;
  • Атырау облысы – 32;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
  • Шымкент – 20;
  • Ақтөбе облысы – 11;
  • Алматы облысы – 10;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6;
  • Маңғыстау облысы – 5;
  • Батыс Қазақстан облысы – 2;
  • Павлодар облысы – 1;
  • Қостанай облысы – 3.

Жазылғандардың жалпы саны – 50.

Көз жұмғандар – 6.

Кейбір деректер //karaganda-region.gov.kz/ және https://informburo.kz/ сайттарынан алынды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Кітапты сөреде сақтап қоюға болмайды.

Сей Сәу 7 , 2020
Оқылды: 971 ЗАМАНДАСЫМА ӨТІНІШ! http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Келешек ұрпақтың өмірі көз алдыңызға елестейді ме? Ал менің көз алдыма 3D эффектімен елестейді. Сол эффектінің арқасында бұл қоғамдағы кейбір адамдарды түсінбеймін. Мысалы том~том кітап жинайтындарды. Ол кітаптар жүрген жерінде ауыр жүк болып, ал тұрған үйінде қаншама орын […]