Қарағанды Техникалық Университеттің жайдарманшылары ақтық мәреге шықты

Қарағандылық жайдарманшылар КТК ойындарында үздік деп танылды.

Қыркүйек айының басында Семей қаласында өткен Республикалық Жайдарман КТК ойындарының телевизиялық бірінші лига ойындары болып өткен еді. Онда Алматы, Атырау, Семей, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Ерейментау қалаларынан келген 10 команда қатысты. Ширек сайыста Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «КарТУ» атты командасы үздік деп танылып, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық ойынға жолдама алды. Облыстың намысын қорғап жүрген жастарымызға сәттілік тілей отырып, алдағы ақтық мәреден дарабоз болып танылуына тілектестік білдіреміз!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«AQNIET» ҰЙЫМЫ 60 БАЛАНЫ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДАДЫ

Сәр Қыр 7 , 2022
Оқылды: 63 Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Жас Орда» Жастар қауымдастығының жанындағы «AQNIET» Жастар Қайырымдылық Ұйымы «Мектепке жол акциясы» аясында қаражат жинады. Естеріңізге сала кетейік, бұл акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын жаңа оқу жылына дайындалуға жәрдемдесу. Нәтижесінде жиналған 160 000 көлеміндегі қаражатқа 16-отбасы,  оның ішінде […]