Қарағанды облысында күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр

1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Бүгінде 100-ден астам жас жігіт ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында мерзімді әскери қызметке аттанды. Алдағы айларда олар Қорғаныс министрлігіне, Мемлекеттік күзет қызметіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Ұлттық ұланға да жіберіледі.

Әскерге шақырылушыларға шақыру қағазы мен SMS-хабарламалар арқылы ескерту жіберіледі. Шақыруды алған соң жастар тұрғылықты мекенжайы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге барып, медициналық комиссиядан өтуі тиіс. Медициналық тексерістің нәтижесінде олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесі анықталады.

– Қазіргі таңда біз оң өзгерістерді байқап отырмыз. Бізге келіп жатқан жастар – саналы, өмірлік ұстанымы қалыптасқан азаматтар. Олардың көпшілігі жоғары немесе арнайы орта білім алған, кәсіби дағдылары бар, әрі әскерге не үшін бара жатқанын жақсы түсінеді. Бұл – қоғамдағы азаматтық жауапкершілік деңгейінің артып келе жатқанын көрсетеді,-деді Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары, полковник – Дмитрий Буксман.

2025 жылдың күзгі шақыру науқанынан бастап Қазақстанда әскерге шақырылушыларға арналған жаңа «PSY-ҚАУІП» психологиялық тестілеу әдістемесі енгізілді. Бұл әдіс психоэмоционалдық тұрақсыздық пен суицидтік бейімділіктің алғашқы белгілерін ерте анықтауға бағытталған. Жаңашылдық әскери бөлімдерде жеке құрамның қауіпсіздігін арттыруға және салауатты моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.

Менің ойымша, әрбір жігіт Отан алдындағы борышын өтеуі керек. Біздің отбасымызда бәрі әскерде болған: әкем үш жыл флотта қызмет етті, ағаларым да борышын өтеген. Енді менің кезегім келді. Бұл жолды абыроймен, мақтанышпен өткергім келеді,-дейді әскерге шақырылушы – Асылжан Мускинов.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет мемлекет тарапынан түрлі кепілдіктермен қамтамасыз етілген. Қызмет өту кезеңінде және әскерден босатылғаннан кейінгі 60 күн ішінде әскери қызметшілерге несие төлемдері бойынша жеңілдік (кредиттік демалыс) беріледі. Сонымен қатар, борышын өтеген соң Ұлттық бірыңғай тестілеусіз, тегін жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі қарастырылған. Күзгі әскерге шақыру жалғасуда және Қарағанды облысының әрбір жас азаматы Отан алдындағы борышын адал атқаруға, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға зор жауапкершілікпен және мақтанышпен кірісіп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам Қазақстанда экологиялық білім беруді дамыту бағытында бірігеді

Бей Қаз 16 , 2025
Оқылды: 135 Азаматтық форум шеңберінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, CCI Kazakhstan компаниясы мен ««Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту» Коалициясы» ЗТБ арасында «ReStart» бірлескен жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою рәсімі өтті. Жоспар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске […]