Қарағанды облысында 76 мың адам жұмыспен қамтылады

Қарағанды облысында жұмыспен қамту шараларымен 76 мыңнан астам адам қамтылады. Жыл басынан бері өңірдің 14 мыңға жуық тұрғыны Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген. Олардың 10 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылды.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

Қарағанды облысында жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрайды. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 0,4%-ға төмен, – деп атап өтті өңір басшысы. – Еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін мемлекеттік бағдарламалардың барлық әлеуеті пайдаланылады. «Еңбек» бағдарламасына 2020 жылы 5,6 млрд теңге бөлінді. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 19 ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын болады.

Шағын және орта бизнес саласында күрделі жағдайға қарамастан, осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны 245 мың адамды (бұл облыстың экономикалық белсенді халқының 35%-дан астамы) құрайтын көрсеткіш сақталып қалды.

Мемлекеттің қолдауымен облыстың ШОБ өнім шығарудың 7,1%-ға өсуін қамтамасыз етті. Жалпы, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға артты.

Шағын және орта бизнестегі пандемияға байланысты сауда, қызмет көрсету және қоғамдық көлік секторлары қиын жағдайға тап болды. Бірақ Ashyq пилоттық жобасына қатысудың арқасында өңірдің 547 кәсіпорны жұмысын қайта бастады.

«Бизнестің жол картасы», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары және ШОБ-ты жеңілдікпен несиелеу шеңберінде 1 016 ШОБ жобасы іске асырылып жатыр. Бұл облыс экономикасына 67 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Болашағың жарқын болсын десең, өткеніңді біл

Сәр Мам 26 , 2021
Оқылды: 788 Қарағанды қаласына қарасты 31775 әскери бөлімінде Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу кеші өтті. Батырдың туғанына 97 жыл толуына орай ұйымдастырылған патриоттық кеште армия генералының ерлігі мен өнегелі өмір жолы сөз болды. Сағадат Нұрмағамбетов – еліміздің заманауи Қарулы Күштерінің іргетасын қалауға күш-жігерін жұмсаған алғашқы қорғаныс министрі. Механикаландырылған бригаданың […]