Қарағанды қаласында «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі өтеді

Қарағанды қаласында «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараны Stop Musor әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен серіктестіктер ұйымдастырады.

Дармарка – бұл тегін жәрмеңке, онда қатысушылар енді пайдаланбайтын заттарды жақсы жағдайда алып келеді, ал оның орнына өздеріне ұнайтын нәрсені алады.

Дармаркаға қатысу үшін заттар 15-17 наурыз аралығында жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28, Бөкетов атындағы ҚарМУ-да (координаттар: София +7 708 602 6026, Асыл +77473838301) қабылданады..

Дармарка жақсы заттардың жаңа иелерін тауып қана қоймайды, сонымен қатар жаңа тауарларды өндіруге, буып-түюге және жеткізуге бөлінетін ресурстар мен қаражат шығындарын азайтады. Бұл қоғам мен қоршаған ортаны саналы тұтыну мен тұрақты дамыту жолындағы қарапайым қадам.

«Stopmusor» жобасы Сізді таза ауа мен суды сақтауға өзүлесіңізді қосуға шақырады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: тапсырылатын барлық заттар таза жәнежақсы күйде болуы керек. Заттар, кітаптар, керек-жарақтар, балалар ойыншықтары қабылданады.

17 наурызда тілек білдірушілер заттарды күні бойы алмастыра алады.

Байланыс: МеруертАбдалиева  +77784560999

 *StopMusor жобасы халықтың экологиялық сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен шығару мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

          Жоба аясында www.stopmusor.kz арнайы сайты әзірленіп, іске қосылды, сонымен қатар жобаның https://instagram.com/stopmusorkz және https://www.facebook.com/stopmusorkz/ әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылуға болады. «StopMusor» әлеуметтік жобасын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қаржылық қолдауымен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы жүзеге асырып келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

FactChecking: Әлеуметтік желіде Каспий банкке қатысты жалған ақпарат тарады.

Сей Нау 15 , 2022
Оқылды: 129 Kaspi Gold карталары арқылы төлем жасау мүмкін болмайды – фейк. Әлеуметтік желілерде Kaspi банкке қатысты аудиохабарламалар тарап жатыр. Олардың бірінде былай делінген: – Kaspi банкте ақшаңыз болса, барлығын алып алыңыздар. Бүгін соңғы күн. Ертеңнен бастап Kaspi банк өз жұмысын уақытша тоқтатады. Неге екенін ешкім білмейді. Сондықтан барлық таныстарыңызға […]