«AQNIET» ҰЙЫМЫ 60 БАЛАНЫ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДАДЫ

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Жас Орда» Жастар қауымдастығының жанындағы «AQNIET» Жастар Қайырымдылық Ұйымы «Мектепке жол акциясы» аясында қаражат жинады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын жаңа оқу жылына дайындалуға жәрдемдесу.

Нәтижесінде жиналған 160 000 көлеміндегі қаражатқа 16-отбасы,  оның ішінде 60 балаға оқуға қажетті керек жарақтар алынып, табысталды. Жалғыз басты аналарға балаларын мектепке дайындау үшін, оқу құралдарымен, киім кешектерін алуға жәрдем көрсетілді.

Қайырымдылық қорының ұйымдастырушылары барша көмек көрсеткен жандарға мен құпия демеушілерге ақжарма алғыстарын білдіреді.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстанда ғылым, өнер және технологиялар фестивалі

Жек Қыр 11 , 2022
Оқылды: 39 Нұр-Сұлтанда бүкіл отбасы үшін білім беру ғылыми демалыс өтті. Онда 4 мыңнан астам қатысушылар жиналды.  Қазақстанда алғаш рет PRO .NRG FEST ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті, оған бүкіл отбасы болып қатысуға болады. 10 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы астаналық Оқушылар сарайында ғылыми демалыс өтті. Оған 4 мың адам қатысты. […]