Алматы-Ташкент пойызы жүре бастады

17 мамыр 2022 жыл. Ташкент. Араға екі жарым жыл салып барып, Алматы-Ташкент-Алматы бағытындағы пойыз қайта жүре бастады. 2020 жылы коронавирусқа қатысты тоқтап қалған жолаушылар пойызы енді «Алматы-2» теміржол вокзалынан Ташкенттің «Ташкент-Орталық» вокзалына дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері шықса, Ташкенттен Алматыға сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері жүреді.

Жалпы саны 24 вагоннан тұратын пойызда 425 жолаушыға орын бар. Билетті вокзал кассаларынан немесе онлайн сатып алуға болады. Электттронды билеттерді екі мемлекеттің шекарасынан өтерде қағаз күйінде көрсетуге міндетті.
Коронавирусқа қатысты ахуал әлі тұрақтанбағандықтан жолаушылар COVID-19 вирусына қатысты ПЦР тест тапсырады не вакцина алғаны туралы төлқұжатын береді. Вакцина түрлерін екі ел де мойындауы шарт.
«Узбекистон темир йуллари» АҚ қазір басқа да көршілес елдермен пойыздарды көбейту мақсатында келіссздер жүргізіп жатыр. Бұл мәселе 19-20 мамырда Ташкент қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Туризм министрлері форумында талқыға салынады.
Нәзия Жоямергенқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Stop Musor жобасы жастарды экологиялық өмір салтын ұстануға үйретеді

Сәр Мам 18 , 2022
Оқылды: 951 2022 жылғы 19 мамырда StopMusor эко-кампаниясы аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы жастар мен елорда белсенділері үшін ақпараттық-оқыту алаңын ұйымдастырады. Іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жарату, сондай-ақ World clean up day дүниежүзілік акциясы аясында еріктілерді даярлау мақсатында өткізіледі. Қазақстан 2018 жылдан бастап ауқымды акцияға қатысушы. […]