Кітапты сөреде сақтап қоюға болмайды.

ЗАМАНДАСЫМА ӨТІНІШ!

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Келешек ұрпақтың өмірі көз алдыңызға елестейді ме? Ал менің көз алдыма 3D эффектімен елестейді. Сол эффектінің арқасында бұл қоғамдағы кейбір адамдарды түсінбеймін. Мысалы том~том кітап жинайтындарды. Ол кітаптар жүрген жерінде ауыр жүк болып, ал тұрған үйінде қаншама орын алады. Енді мен бұл сөзіммен ел кітап оқымасын демеймін, оқысын. Бірақ ешкімге бермей қаптатып кім үшін жинайды кітаптарын? Өзінің баласы үшін бе? Алайда, болашақта жас буын кирилл емес латын графикасымен оқиды емес пе? Жарайды, мұны күрделі мәселе деп қарамасақ та, заман өзгеріп, технологиялар қазіргіден әрмен дамиды ғой бізден кейінгі ұрпақ кезінде.

Тіпті біздің өзіміз бір оқыған кітапты қайтып оқып шығуға уақыт таба бермейміз, ал бізден кейінгі технологиялар дәуіріндегі ұрпағымыз сол кітапты оқиды деп ойлайсыз ба? Оқиды~ау, бірақ электронды немесе мүлдем дамыған өзге құрылғының көмегімен. Дәл сіз оқыған совет одағының сапасында шыққан кітапты қолға алғысы келмейді. Ол ұрпақтың ой-өрісі мүлдем басқа болады.

Сондықтан біз кең пейілділік танытып, іштарлық қылмай, қолда бар кітабымызды замандастарымызға сыйлап, кітаптың сауабын алып, өзгенің сауатын ашуға атсалысуымыз керек. Өзімізге ең жақын болған кітапты өзге жанға сыйлай білуіміз қажет. Олай болмаған күнде, уақыт өтіп, заман зымырап, ертеңгі күні сол кітаптар өзіңізден басқа ешкімнің пайдасына жарамай, қоқыстардан орын тауып, не болмаса бар обалын өзіңізге арқалатып өртеніп кетуі де мүмкін…

Ал, сіз «Бұл кітаптың тек өзіме пайдасы тисе болды, өзге жанға пайдасы тимесе қойсын, керек болса адамның өзі кітаптарды іздеп тапсын, керексіз болып өртеніп кетсе де, бұл кітаптар менікі, өзге жанға бермеймін»,-деп ойласаңыз, адамшылықтан безінген қоғамның кірпішін өзіңіз қалап жатқаныңызды ұмытпаңыз!

Бекзат Болатұлы.  Қарағады облысы, Теміртау қаласы 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ә. Бөкейхан есімін аудан атына беруді қолдайсыз ба

Сәр Сәу 8 , 2020
Оқылды: 1  850 Әлихан Бөкейханға Октябрь ауданының атын беру мәселесін ағаларымыз бастап көтерген. Бүгінде бұл істі жастар қауымы қолға алды. Әлихан атамыздың атын атауға билік өкілдері сонша неге қорқады? Күн көсемнің көшесін оңай ауыстырған билік Әлиханға келгенде, неге бұғып қалады? Әкеден балаға мұра болып қалған бұл мәселе, енді қанша уақытқа созылады? […]