Қазақ жігіттерінің тұтастығы күні

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Өткен күндері қаламыздың Қарағанды политехникалық колледжінде 19 – ақпан – Қазақ жігіттерінің тұтастығы күніне орай «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясының және «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтардың қоғамды жаңғыртудағы ролі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шара барысында колледж студенттері «Ежелгі Түркі жазба ескерткіштері», «Халық мұрасы және оны сақтау», «Ұлттық құндылықтардың қоғамды жаңғыртудағы рөлі», «Халық мұрасын насихаттау жолдары» тақырыптарында оқылған баяндамалармен, сондай-ақ «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған жаңа жобаларымен танысты. Кітаптар сериясының авторы Н.Сұршаұлы қолға алынған тың жобаларымен таныстыра отырып, қазіргі уақытта Тәуелсіздік мерекесінің белгісі ретінде «Тәуелсіздік лентасының» әзірленіп жатқанын да атап өтті. Сондай-ақ Қазақ тарихын насихаттауға арналған «Тарих тақтасы» жобасы жайында айтып берді. Бұл ретте осыған дейінгі уақытта «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясы қоғамдық жобасы шеңберінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған барлығы 20 – астам жоба іске асырылған.
Сонымен қатар колледж студенттерінің тарапынан кеншілер шаһарында Түркі дүниесі мұрасын насихаттауға бағытталған бірнеше жобаны жүргізіп жүрген Д.Қыдырғалиұлының «Ежелгі Түркі жазба ескерткіштері» тақырыбындағы баяндамасы үлкен қызығушылыққа ие болды. Шараны ұйымдастырушылар халық мұрасын насихаттауға және сақтау тақырыбына арналған бұл шараның алдағы уақытта жыл сайын өткізіліп тұратынын айтады. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Еріктілер жылында жоспар көп

Сәр Нау 4 , 2020
Оқылды: 2  036 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағандылық еріктілер тарихи ескерткіштерді ретке келтіріп, балалар алаңдарын жөндеуге атсалысады. «Saryarqa jastary» облыстық волонтерлік штабында аймақ басшысы Жеңіс Қасымбектің жастармен кездесуінде еріктілердің жеті бағыт бойынша жұмыс істейтіні айтылды.