Кикбоксингтен Қарағанды облысының чемпионатында әскери мектептің тәрбиеленушілері топ жарды

Кіл мықтылар турнирі. Қарағанды гарнизонында алғаш рет республика күніне орай, 2005-2006 жылғы жастар арасында кикбоксингтен турнир өтті. Нүркен Әбдіров атындағы спорт кешенінде Қарағанды облысының таңдаулы жастары бас қосты.  

Қарағанды облысының әр аймағынан 100-ге жуық спортшы 2005-2006 жылғы туылған жастар арасындағы Қарағанды облысының чемпионатында бас қосты. Жарыс үш күнге созылды. Шаршы алаңда шапшаңдық танытқан кикбокс шеберлері 10 салмақ дәрежесінде бақ сынап, жеңіске деген құлшыныстарын байқатты. Сайыс барысында Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің 8 тәрбиеленушілері қатысып отыр. Кикбоксинг – шығыс жекпе жек өнерінің бір түрі, әрі бірегейі болып табылады. Бұл спорт түрінде бас пен денеге келетін соққы аяқпен, қолменде орындалады. Десекте соққысы тым ауыр болып саналады. Айта кетейік, спорттың оңайы болмасада, бұл спорт түріне жас ұрпақ көптеп тартылуда -дейді мамандар. Мұндай деңгейдегі турнир қаламызда алғаш рет ұйымдастырылуда.

Жарыс қортындысы бойынша үздік деп танылғандар ел құрамасына кіруге мүмкіндік алады. 2005-2006 жылғы туылған жастар арасындағы Қарағанды облысының чемпионатының қорытындысы бойынша, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды қаласы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері Жанай Агумбаев, Ализар Нұрмұратов бірінші орыннан көрінсе, Нұрдәулет Ашурбеков, Ильяс Жұбанышев пен Дос Бентбай, Әлішер Нұрмұратовтар екінші орынды қанағат тұтқан. Ал үшінші орынға Саламат Ақберді мен Дмитрий Коноваловтар табан тіреген: 

Чемпионатқа тек таңдаулылар ғана келеді. Бүгінгі мықтылар турниріне тыңғылықты дайындалдым. Бұл турнирдің де салмағы да, абыройы да мықты. Себебі мұнда кіл мықтылар жиналады. Қазақстан чемпионатынан іріктелген спортшылар бой көрсетуде. Алайда өзімді үнемі алдыңғы орындардан көруге тырысамын, және сол мақсатқа жетуде барлық мүмкіндіктерімді көрсетемін. Бізді сайысқа дайындаған Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды қаласы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің ұстаздар қауымына алғысым шексіз» деп атап өтті шараның бірінші орын иегері –  ЖАНАЙ АГУМБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстандық және америкалық қолөнер шеберлері бірлескен жобалар ұсынады

Бей Қар 10 , 2022
Оқылды: 53 Қазақстан қолөнершілер одағы және АҚШ-тағы Смитсон Институтының Фольклор және Мәдени Мұра Орталығы (the Smithsonian Senter for Folklife and Cultural Heritage) Chevron компаниясының және Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен Makerspace Expands! Artisan Exchange бірлескен жобасын ұсынады. Бұл жоба қазақстандық және американдық сәндік-қолданбалы өнер шеберлеріне виртуалды «жұптық» шеберлік сабағы кезінде тәжірибе […]