Ауыл әйелдерінің іскерлік қабілеті зор

«Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбына арналған Қазақстанның шығыс және орталық облыстарының өңірлік форумы

2022 жылғы 16 қыркүйек Уақыты: сағат 15:00-17:00

16 қыркүйек, сағат 15:00 – 17:00 аралығында ZOOM онлайн – алаңында https://us02web.zoom.us/j/86897847755?pwd=S0lranc4Q2I4K1J4Q1dGVjFzeGFudz09 «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбына арналған шығыс және орталық облыстардың өңірлік форумы өтеді.

Форумды ұйымдастырушылар: «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, Coca-Cola халықаралық қоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстары әкімдіктерінің қолдауымен.

Форумның серіктестері: «Әлеуметтік динамика» ҚҚ, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі. Бұл форум республикамызда жоспарланған 4 өңірлік форумдардың соңғысы саналады. Облыстық форумдардың қорытындысы бойынша қараша айында ауыл әйелдерінің республикалық форумы өтеді.

Форумның мақсаты-Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға жәрдемдесу.

Форумның міндеті өте кең – ауыл мен ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін, ауыл тұрғындарын өнімді жұмыспен қамту және өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы ауылда әл-ауқат пен өмір сүру сапасын арттыру мәселелері. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жергілікті өзін-өзі басқару құралдарын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына жергілікті деңгейде қол жеткізу.

Форумның модераторы Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІV, V, VI шақырылымының депутаты Майра Арапқызы Айсина.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Ивановна Тарасенко; Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Темірбекұлы Ордабаев; The Coca-Cola Foundation өкілі Александра Аккирман; ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Ержан Досанұлы Төлеутаев; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау басқармасының басшысы Мерей Сейілбекқызы Исаева; Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Ахтанұлы Нұрбаев; Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ербол Шымкентбайұлы Әліқұлов; Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Амангелдіқызы Құрманова; Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Мұратұлы Құсманғали сөз сөйлейді.

 

«Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Мұратұлы Сүлейменов «Соса – Cola Белестері» және «Жеке қосалқы шаруашылықтар» онлайн-мектептерінің мысалында ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін әлеуметтік қолдау-практикалық, бизнес дағдыларды дамыту, тәлімгерлік және тәжірибе алмасу туралы, «Әлеуметтік динамика» қорының басшысы Елена Анатольевна Ожго Ақмола облысы мысалында «Қазақстандағы ауылдық әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетін анықтау» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы бойынша айтып береді.

«Әйелдер көзқарасы: ауылдық аумақтарды дамытудағы әйелдердің рөлі» атты форумының үшінші сессиясы облыстың экономикалық жағдайын жақсартып, жұмысқа орналасу мәселелерін шеше отырып, өз бизнесін жүргізіп жатқан әйелдердің табысқа жету тарихына арналған.

Бұл бөлімде Алтай ауданы (Шығыс Қазақстан облысы)ТЖ басқармасының бас маманы Алевтина Викторовна Мамаева; Shah company 777 ЖШС тамақтану жөніндегі компанияның тең құрылтайшысы және директоры Юлия Шах (Қарағанды облысы); Гульмира Хасеновна Идрисова, «Тұрсын» шаруа қожалығының басшысы (Павлодар облысы); Дәметкен Әкімжанқызы Майбасова, кәсіпкер, «Береке» ӘКК төрағасы (Ұлытау облысы); Шұғыла Абдрахманқызы Қамбышева – Шығыс Қазақстан облысының «Соса-Cola Белестері-2021» байқауы жеңімпазының жетістікке жету тарихы – «Ұлттық ою – өрнегі бар құрақ көрпелер мен жастық өндірісі» тақырыбында сөз сөйлейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Halyk Homebank қосымшасында жаңа бағдарлама

Бей Қыр 15 , 2022
Оқылды: 40 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Халык-Life сақтандыру компаниясы валютада максималды табыстылығы 3,52% дейін болатын «Халық-Қазына» атты өмірді сақтандырудың жинақтаушы онлайн бағдарламасын іске қосты.   «Халық-Қазына» өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасы валютадағы депозиттерге үздік балама болып табылады. Бағдарлама сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін не сақтандыру оқиғасы басталған кезде өтеу түрінде төленетін […]