Білім-ғылым саласына өзгерістер енгізіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысқан болатын.
Президент білім беру саласындағы аса маңызды және өзекті мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар берді. Олардың қатарында — құрылыс үшін жер учаскелерін алдын ала бөлу, мектептердің үлгілік жобаларын дайындау, мектептерді жобалық қуаттылығына байланысты барлық талапқа сәйкес қамтамасыз ету, оқушылардың қауіпсіздігі және сыныптардың толықтырылуы. 
Бүгінгі таңда отандық жоғары оқу орындары грант беру арқылы жан басына қаржыландыруға көшті.
Бұл жүйе қазір қалай жұмыс істейді?
Грант алу үшін талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. ҰБТ тапсырғаннан кейін талапкер өтініш береді, нақты мамандықты таңдап, гранттарды тағайындау конкурсына қатысады.
Мәселен, егер белгілі бір мамандыққа барлығы 100 грант бөлінсе, квоталарды есепке ала отырып, ең жоғары балл жинаған 100 талапкер сараланған тізім бойынша жоо-да оқу үшін грант алады.
Білім грантын иеленген студент жоғары оқу орнын таңдайды және жоо осы студентті оқыту үшін бюджеттен қаржыландыру алады.
Алайда, студент грантты жеңіп алғанына қарамастан, мемлекет тарапынан төленетін оқу ақысына қатысты рәсімге қатыспайды. Шын мәнінде, студент жоғары оқу орнындағы оқу ақысын мемлекет оның мектеп кезіндегі жақсы көрсеткіштері үшін төлейтініне мән бермей, мұны көбіне көп тегін оқу деп қабылдайды. Сәйкесінше, «тегін» оқу кезінде университетке қандай да бір талап қою қиын. Әрбір студенттің оқуы үшін мемлекет жоғары оқу орнына орта есеппен 3,5-4 миллион теңге бөледі.
Оқу ақысын төлеу алгоритмі келесідей: университеттер студенттердің тізімдері мен төлеу актілерін белгілі бір мерзімділікпен министрлікке жібереді. Министрлік студенттердің әрқайсысы үшін ақшаны жоо-ның шотына тікелей аударады. Яғни, студенттің өзі бұл үрдіске қатыспайды.
Енді Мемлекет басшысы қаржыландырудың осы жүйесін өзгертуді тапсырды. Бұдан былай қаражат грантты жеңіп алған студенттің оқу ақысын өз бетінше төлеуі үшін арнайы банктік шотына (эскроу-шот) тікелей жіберіледі деп жоспарлануда.
Осылайша, студент оның оқуы үшін мемлекет бөлген ақшаны көріп, қолдауды сезінеді. Сонымен бірге оқу ақысын төлеу үрдісіне қатысады.
Қазіргі таңда студент бұрынғыдай тегін қызметтерді алушы емес, қызметтерге тапсырыс беруші болып табылады. Тиісінше, тапсырыс беруші ретінде ол сапалы білім беруді талап етуге құқылы. Әрине, бұл студенттің мемлекеттік қолдау шараларын қабылдауына оң әсер етеді және оның бойындағы жауапкершілікті арттырады.
Миллиондаған қаражаттың оқуға жұмсалғанын көріп, студент білім алуға да, көрсетілетін қызмет сапасына да жауапкершілікпен қарайды.
Бұл ретте студент бюджет қаражатын білім алып жатқан ЖОО-ға оқу ақысын төлеуден басқа, өзге мақсаттарға жұмсай алмайды.
Бұдан басқа, бұл тетік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін де жойып, бюджет қаражатының барынша ашық жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Аталған шара жоғары білім беру саласындағы бәсекелестікті күшейтеді деп күтілуде.
Мемлекет басшысының осындай маңызды тапсырмалары бүкіл білім беру жүйесін кешенді жақсартуға бағытталғанын атап өткім келеді. Білім және ғылым министрлігі қойылған міндеттерді орындау үшін барлық қажетті жұмысты жүргізеді.
Асхат Аймағамбетов ҚР Білім және ғылым министрі 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Тәуелсіздік лентасы

Дүй Қар 22 , 2021
Оқылды: 906 Қарағандыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік лентасы» акциясы бастау алды. Қарағанды қаласының Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-колледж-интернатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік лентасы» акциясының ашылу салтанаты өтті. Тәуелсіздік лентасының тұсауы 2020 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды қаласында кесілген болатын. Биылғы жылы ұйымдастырушылар Тәуелсіздік […]